Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
ҚТЖ отандық экспорттаушыларды қолдауды жалғастыруда
145 / 03.12.2025 12:19

ҚТЖ отандық экспорттаушыларды қолдауды жалғастыруда

2025 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ желісімен жүк тасымалының көлемі 287,8 млн тоннаға жетті, бұл 2024 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 11,5 млн тоннаға (+4%) көп.

Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар 80,2 млн тоннаға өсіп, өткен жылмен салыстырғанда 4,9 млн тоннаға (+6%) артты.

Көмір тасымалы 8%-ға ұлғайып, 31,2 млн тоннаға жетті. Өсім Ресейге, Еуропалық одақ елдеріне және Орталық Азияға қатты отын жеткізулердің артуы есебінен қамтамасыз етілді.

Астық тасымалының көлемі 9,7 млн тоннаны құрады (+2,6 млн тонна, +36%).

Орталық Азия елдеріне 5,6 млн тонна жөнелтілді (+32%), соның ішінде:

  • Өзбекстан4,0 млн тонна (+31%),

  • Тәжікстан1,3 млн тонна (+19%),

  • Қырғызстан300 мың тонна (үш есеге өсті).

Иран бағытына 800 мың тонна астық тасымалданды (екі есеге өсті).

Ресей аумағы арқылы өтетін транзиттік тасымал 2,2 млн тоннаға дейін ұлғайды (3,2 есе өсім), оның ішінде:

  • Қара теңіз порттары350 мың тонна (+51%),

  • Балтық порттары161 мың тонна (+96%),

  • Балтық елдері мен порттарына724 мың тонна (сегіз еселік өсім).

Астықты қайта өңдеу өнімдері мен құрама жем жөнелтілімі 4,2 млн тоннаға жетті (+1,5 млн тонна, +57%). Елеулі өсім Қытайға құрама жем жеткізудің артуы есебінен қамтамасыз етілді: көлем 2,9 млн тоннаға дейін жетіп, өткен жылғы деңгейден шамамен төрт есе асты.

«ҚТЖ» логистиканы дамыту, тасымал тиімділігін арттыру және Қазақстан аумағы мен экспорттық қатынастарда жүк ағынының тұрақты өсімін қамтамасыз ету бойынша жұмысын жалғастыруда.

Поделиться:
Популярные новости
18 / 01.06.2026

Пресс-релиз

**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кеше�...

19 / 01.06.2026

Пресс-релиз

Балаларды қорғау халықаралық күні қарсаңында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Ақтөбе қа...

68 / 19.05.2026

11 пайдалану локомотив депосы жаңа техника алды

2026 жылдың басынан бастап ҚТЖ локомотив паркі 72 Жаңа тарту техникасымен толықтыр�...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер