ПРЕСС-РЕЛИЗ
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де Қазақстан Респу...
АСМО-ны енгізу
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нің негізгі пайдалану локомотив деполарында алдынғы және ауысымнан кейінгі медициналық қарап-тексерулердің автоматтандырылған жүйесі (АСМО) енгізіліп, тұрақты жұмыс істеуі ұйымдастырылды.
АСМО мына мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді:
қызметкердің желіге шығар алдында және ауысым аяқталғаннан кейінгі денсаулық жағдайын жедел әрі объективті бағалау;
тексерулерді өткізу кезінде адами фактордың ықпалын азайту;
еңбекті қорғау талаптарының сақталуын бақылауды күшейту;
медициналық құжаттаманы жүргізуді және тексеру нәтижелерін есепке алуды автоматтандыру.
Медициналық қамтамасыз етуді әрі қарай дамыту шеңберінде 2026 жылы АСМО жүйесін айналым (оборот) деполарына және ауыстыру пункттеріне енгізу жоспарланған.
⸻
Сауықтыру іс-шаралары
Қауіп деңгейі жоғары аймақтарда еңбек ететіндер қоса алғанда, қызметкерлердің денсаулығын сақтап, нығайту мақсатында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС 3 595 қызметкерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуді көздейді.
Ағымдағы жылдың қыркүйек айындағы жағдай бойынша 2 364 жолдама берілді.
⸻
Өндірістік қауіпсіздік деңгейін арттыру
Қоғамда барлық кәсіптер үшін оқыту бағдарламалары әзірленген, оның ішінде қауіпсіздік тақырыбындағы 100-ден астам арнайы курс бар.
Филиалдарда нұсқама өткізу кезінде оқытушы слайдтар мен бейнематериалдарды көрсету қолданылады. Қызметкерлермен өткізілетін жоспарлы жиындар «Қауіпсіздік минутынан (М қауіпсіздік)» басталып, онда қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру және өндірістік жарақаттың алдын алу мәселелері қарастырылады.
Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартаки...
2026 жылғы 4 маусым Астана қ. ҚТЖ ТЭ33А тепловоздар паркінің 92%-дан астамын Trip Optimizer ж�...