Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Пресс-релиз
/ 04.06.2026 08:19

Пресс-релиз

2026 жылғы 4 маусым Астана қ. ҚТЖ ТЭ33А тепловоздар паркінің 92%-дан астамын Trip Optimizer жүйесімен жарақтауды аяқтады ҚТЖ поездты интеллектуалды басқару жүйесі Trip Optimizer енгізуді жалғастыруда 2026 жылғы 29 мамырдағы жағдай бойынша ҚТЖ желісінде көзделген 425 жинақтың 393-і поездты автоматтандырылған басқарудың интеллектуалды жүйесі Trip Optimizer (ТО) орнатылды. Қалған локомотивтерді жарақтандыруды ағымдағы жылдың шілде айының соңына дейін Ақтөбе, Мақат, Сексеул және Аягөз сервис орталықтарында аяқтау жоспарлануда. Trip Optimizer — круиз-бақылау қағидаты бойынша жұмыс істейтін поездты автоматтандырылған басқарудың интеллектуалды жүйесі. Жүйе жол профилін, состав массасын, локомотив сипаттамаларын, қолданыстағы жылдамдық шектеулерін және басқа да пайдалану параметрлерін ескере отырып, поезды жүргізудің оңтайлы режимін есептейді. Бұл отын тиімділігін арттыруға, белгіленген қозғалыс кестесінің сақталуын қамтамасыз етуге және поездты басқару барысында локомотив бригадаларына қосымша қолдау көрсетуге мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда Trip Optimizer жүйесін пайдалана отырып локомотивтердің айналымы жоспарланған 65 учаскенің 48-і өнеркәсіптік пайдалануға енгізілді. Сонымен қатар, темір жол инфрақұрылымын цифрландыру жұмыстары жалғасуда. Маршруттардың цифрлық картасын қалыптастыру шеңберінде жоспарланған 10 000 км-дің 9 675 км жолы цифрландырылды. «Қазақстан темір жолы» АҚ ҰК» АҚ баспасөз қызметі
Поделиться:
Популярные новости
32 / 05.06.2026

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартакиадаға дайындалуда

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартаки...

42 / 01.06.2026

Пресс-релиз

**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кеше�...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер