Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартакиадаға дайындалуда
Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" ко�...
Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының шекаралық өткелдерінің жұмыс тиімділігін арттыру, сондай-ақ көрші аумақтарда жүктерді үздіксіз қабылдау мен тапсыруды қамтамасыз ету мақсатында, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен Қытай темір жолдары шекаралық темір жолдардың аралас комиссияларының кеңесі қорытындысы бойынша шекара маңы станцияларының ауысым қызметкерлерінің қарсы тарап аумағына кіруі туралы уағдаластыққа қол жеткізді.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ тарапынан Достық және Алтынкөл станцияларында ҚХР ауысым қызметкерлерін орналастыруға арналған ғимараттарды жөндеу және жаңғырту жұмыстары толық аяқталды, сондай-ақ ҚХР қызметкерлерінің қауіпсіз еңбек етуі мен жайлы тұруы үшін қажетті жағдайлар жасалды.
Қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру қолданыстағы шектеулерді алып тастауға, әкімшілік рәсімдерден өтуді жеделдетуге, шекара станцияларының өткізу қабілетін арттыруға, жүктер бойынша тасымал құжаттарын өңдеу процесін жылдамдатуға және Қазақстан мен Қытай арасындағы теміржол көлігі саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүмкіндік береді.
Екі тараптың ауысым қызметкерлерінің көрші станцияларға келуі 2025 жылғы желтоқсанға жоспарланған.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі
Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартаки...