Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартакиадаға дайындалуда
Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" ко�...
22 қазан 2025 жылы Wabtec компаниясы магистралдық тепловоздардың ТЭ33А, ТЭ33АС және ТЭП33А сериялары бойынша конструкциялық өзгерістер мен олардың техникалық жағдайын жақсарту жөніндегі іске асырылып жатқан шараларға арналған техникалық семинар өткізді.
Іс-шараға магистралдық тепловоздарды пайдалануға тартылған қызметкерлер — локомотив деполарының өкілдері, локомотив қабылдаушылары және машинист-нұсқаушылар, соның ішінде ТЧЭЗП Аягөз ұжымы қатысты.
Қатысушыларға құттықтау сөзін «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Бас директоры Асан Изглеуович Умбетов жолдап, Wabtec компаниясымен тығыз өзара іс-қимылдың және қызметкерлердің біліктілігін жүйелі түрде арттырудың маңызын атап өтті.
«Бірлескен оқыту іс-шаралары персоналдың техникалық құзыреттерін нығайтуға, локомотивтердің сенімді пайдаланылуын қамтамасыз етуге және еңбекті қорғау мен техника қауіпсіздігі талаптарының қатаң сақталуына мүмкіндік береді», — деді Асан Умбетов.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар өзекті техникалық мәселелерді талқылап, Wabtec өкілдерімен бірлесіп слесарьлар мен локомотив деполары мамандарын одан әрі оқытуды жоспарлады.
Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартаки...