Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартакиадаға дайындалуда
Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" ко�...
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нің Өскемен пайдалану локомотив депосы ұжымы аумақты көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарына белсенді қатысты.
Теміржолшылар қоршаған ортаны қорғауға өз үлесін қосып, 550 ағаш отырғызды. Бастама өңірдің экологиялық ахуалын жақсартуға, табиғатқа ұқыпты көзқарасты қалыптастыруға және тұрғындар үшін жайлы орта құруға бағытталған.
Акцияға қатысу депо қызметкерлерінің экологиялық жауапкершілігін және туған өлкенің тазалығы мен жасыл желегін сақтауға деген ұмтылысын тағы бір мәрте дәлелдеді.
Таза ауа мен жасыл планета — болашақ ұрпақ алдындағы ортақ борышымыз.
Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартаки...