Пресс-релиз
**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еураз�...
ҚТЖ теміржол инфрақұрылымы нысандарында жазатайым оқиғалардың алдын алу бойынша жүйелі жұмыстарды жалғастыруда.
2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында теміржолға жақын орналасқан елді мекендердің тұрғындарымен 1 664 түсіндіру әңгімесі өткізілді. Іс-шараларға 16,7 мыңнан астам адам қатысты. Білім беру ұйымдарында «Теміржол — қауіпті аймақ» тақырыбында 950 кездесу ұйымдастырылып, 27 мыңнан астам оқушы қамтылды.
Бөгде адамдардың жолға шығуының алдын алу аясында көлік прокуратурасы, полиция, бақылаушы органдар және тиісті қызметтердің қатысуымен 98 үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.
ЛОВД, ВЖДО және НЖС-пен бірлесіп, рұқсат етілмеген өткел орындарында 1 557 рейд жүргізілді. Ереже бұзушылармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 526 ескерту белгісі орнатылып, жаңартылды.
Локомотив бригадалары жол маңындағы бөгде адамдар мен мал туралы ақпаратты дер кезінде қарсы келе жатқан пойыздарға, пойыз диспетчерлеріне және станция кезекшілеріне беріп, уақытылы шара қолдануға мүмкіндік жасауда.
2026 жылдың басынан бастап ҚТЖ локомотив паркі 72 Жаңа тарту техникасымен толықтыр�...