Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
ҚТЖ басқарма төрағасы тағайындалды
154 / 03.07.2025 15:47

ҚТЖ басқарма төрағасы тағайындалды

«Самұрық-Қазына» АҚ-ның Басқарма төрағасы Нұрлан Жақұпов «ҚТЖ» ҰК» АҚ ұжымына жаңа басқарма төрағасы Талғат Сағиевич Алдыбергеновті таныстырды. Ол бұған дейін басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

Талғат Алдыбергеновтің теміржол саласында 35 жылдан астам тәжірибесі бар. Алматы теміржол инженерлері институтын «Теміржол көлігімен тасымалдауды ұйымдастыру және басқару» мамандығы бойынша үздік бітірген, Ресей Президенті жанындағы РАНХиГС-тің экономика магистрі (қызыл диплом) және экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын қатардағы қызметтен бастап, топ-менеджерлік деңгейге дейін көтерілді:

  • 1992–1998 жж. — Батыс Қазақстан теміржолында жүк кассирі, жүк-багаж қабылдап-тапсырушы, станция бастығының орынбасары, аға жолдық коммерциялық ревизор.

  • 1998–2007 жж. — «Қазақстан темір жолы» РМК «Фирмалық көлік қызметі орталығы» Ақтөбе филиалының басшысы, «Казтранссервис» ДГП директоры, «ҚазМұнайГаз Сауда үйі» ЖАҚ көлік логистикасы департаментінің директоры.

  • 2008–2019 жж. — «Кедентранссервис» АҚ президенті, «АвтоГазАлматы» ЖШС бас директоры, «Kazakhmys Maker» ЖШС басқарма төрағасы.

  • 2024 жылдан бері — «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Поделиться:
Популярные новости
11 / 01.06.2026

Пресс-релиз

**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кеше�...

13 / 01.06.2026

Пресс-релиз

Балаларды қорғау халықаралық күні қарсаңында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Ақтөбе қа...

54 / 19.05.2026

11 пайдалану локомотив депосы жаңа техника алды

2026 жылдың басынан бастап ҚТЖ локомотив паркі 72 Жаңа тарту техникасымен толықтыр�...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер