Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
«Қазақстан темір жолы» төрт жылда қандай жетістіктерге қол жеткізді?
199 / 30.06.2025 10:45

«Қазақстан темір жолы» төрт жылда қандай жетістіктерге қол жеткізді?

Ұлттық теміржол операторы рекордтық көрсеткіштерге қол жеткізіп, инфрақұрылымды жаңғыртып, халықаралық аренадағы позициясын нығайтты.

Өткен жылдары компания ауқымды өзгерістерден өтіп, жаңа белестерді бағындырды. Бұл кезең өндірістік және қаржылық көрсеткіштердің өсуімен, ірі инфрақұрылымдық жобалардың іске асуымен және саланы цифрландырумен ерекшеленді.

Қаржылық тұрақтылық пен өсу

Тасымал көлемінің тұрақты өсуі компанияның қаржылық нәтижелеріне оң әсер етті. 2024 жылы компанияның табысы 2,2 трлн теңгеге жетіп, 2020 жылғы көрсеткіштен екі есе артты. 2025 жылға болжамды табыс — 2,7 трлн теңге. Таза пайда 16 млрд теңгеден 158 млрд теңгеге дейін 9 еседен астам өсті.

Еңбекақы қоры 286 млрд теңгеден 662 млрд теңгеге ұлғайды. Компания тұрақтылығын сақтап, Moody’s, Fitch және S&P халықаралық агенттіктерінен оң рейтингтер алды.

Тасымал және транзиттегі рекордтар

Эксплуатациялық жүк айналымы 236 млрд т-км-ден 272 млрд т-км-ге дейін өсті. Транзиттік жүктердің көлемі 33 %-ға артып, 27,5 млн тоннаға жетті. Контейнерлік транзит дерлік екі еселенді: 876 мың ЖФЭ-ден 1,4 млн ЖФЭ-ге дейін. ҚХР – РФ – ҚХР бағыты бойынша өсім 14 есе — 37,2 мыңнан 512,2 мың ЖФЭ-ге дейін. ТМТМ бағыты бойынша Қытайдан шыққан контейнерлік пойыздар саны 2023 жылмен салыстырғанда 33 есе артты. Қытаймен жүк тасымалы тарихи максимумға жетіп, 32 млн тоннаны құрады.

Техниканы жаңарту және жолдарды модернизациялау

Төрт жылда 424 жаңа локомотив пен 369 жолаушы вагоны сатып алынды. «Штадлер Қазақстан» отандық зауытында жаңа жолаушы вагондарының өндірісі басталып, 2030 жылға дейін 557 заманауи құрам жеткізу жоспарланған. Бұл 2030 жылға қарай ұлттық тасымалдаушының вагон паркін толық жаңартуға мүмкіндік береді. 125 теміржол вокзалының реконструкциясы басталды.

Жоспарлы жол жөндеу көлемі екі есеге ұлғайып, жыл сайын 1400 км-ден астам жол жаңартылады (2023 ж. — 1443 км; 2024 ж. — 1430 км). 2029 жылға дейін 11 мың км теміржол жаңартылады.

2027 жылға дейін барлығы 5 мың км теміржол салынып, модернизацияланады. Қазірдің өзінде Достық – Мойынты учаскесінде (836 км) екінші жолдар құрылысы аяқталып, бағыттың өткізу қабілеті бес есе артты. Сондай-ақ Алматыны айналып өтетін теміржол (75 км), Дарбаза – Мақтаарал (152 км), Бақты – Аягөз (272 км), Мойынты – Қызылжар (329 км) желілері салынуда, Алтынкөл – Жетіген (293 км) учаскесі жаңғыртылуда.

Халықаралық даму және логистика

Компания негізгі халықаралық бағыттардағы қатысуын күшейтті. Қытайдың Сиань құрғақ портында терминал салынды. Ақтау мен Алматыда контейнерлік хабтар іске қосылып, Әзірбайжанның Әлят портында, Ресейдің Селятино станциясында және Беларусьтің Свислочь қаласында терминалдар құрылысы жалғасуда.

Логистикалық желінің кеңеюі транзит көлемін ұлғайтып, Қазақстанның Азия мен Еуропаны байланыстыратын негізгі көлік дәлізі ретіндегі позициясын нығайтты.

Цифрландыру және қауіпсіздік

PSA, Huawei және Wabtec сынды жаһандық компаниялармен серіктестікте процестерді цифрландыру және тасымал қауіпсіздігін арттыру бастамалары жүзеге асырылды. Бұл IT-шешімдерді енгізуді, автоматтандыруды және цифрлық инфрақұрылымды дамытуды қамтиды.

Поделиться:
Популярные новости
7 / 05.06.2026

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартакиадаға дайындалуда

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартаки...

23 / 01.06.2026

Пресс-релиз

**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кеше�...

26 / 01.06.2026

Пресс-релиз

Балаларды қорғау халықаралық күні қарсаңында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Ақтөбе қа...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер