Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Қытайға теміржол көлігімен жоғары технологиялық жем экспортының рекордтық өсуі
230 / 05.05.2025 17:48

Қытайға теміржол көлігімен жоғары технологиялық жем экспортының рекордтық өсуі

2024 жылдың қыркүйегінен 2025 жылдың сәуіріне дейін Қазақстаннан Қытайға жоғары технологиялық жемнің теміржол жеткізілімдері өткен маркетингтік жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5 есеге өсіп, 1,2 млн тоннаға жетті. Достық станциясы арқылы құрама жем тасымалдау 6 есеге — 353 мың тоннаға дейін, Алтынкөл арқылы — 5 есеге ұлғайып, 900 мың тоннадан асты.

2025 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында құрама жем тасымалдау көлемі 785 мың тоннаны құрады, бұл 2024 жылдың осы кезеңіндегі көрсеткіштен 5 есе артық. Бұл ретте Достық станциясы арқылы жеткізілімдер 7 есеге — 216 мың тоннаға дейін,

Алтынкөл арқылы — 4,5 есеге, 567 мың тоннаға дейін ұлғайды.

Өсім жабық вагондарда тасымалдау сегментінде де (2 есе ұлғаю), сондай-ақ контейнерлерде де байқалды (5 есе өсу).

Мұндай нәтижелер Қазақстан мен Қытай теміржол әкімшіліктерінің, аграрлық сектордың, жылжымалы құрам операторларының және логистикалық тізбек барлық қатысушыларының үйлестірілген жұмысының арқасында мүмкін болды.

Поделиться:
Популярные новости
7 / 05.06.2026

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартакиадаға дайындалуда

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартаки...

23 / 01.06.2026

Пресс-релиз

**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кеше�...

26 / 01.06.2026

Пресс-релиз

Балаларды қорғау халықаралық күні қарсаңында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Ақтөбе қа...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер