ПРЕСС-РЕЛИЗ
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де Қазақстан Респу...
2025 жылғы 30 сәуірге дейін Өскемен пайдалану вагон депосында (ВЧД-24) астыңғы вагон жабдықтарының ақауларын алдын алу және жою бойынша «Назар аударыңыз: сүйреу» айлығы өткізіліп жатыр.
Кәсіпорында осыған байланысты тиісті бұйрық шығарылып, іс-шаралар жоспары әзірленді, ескертпе баннерлер ілінді.
ВЧД-24-тің автотежегіштер және букса торабындағы нұсқаушысы Нұрлан Наурызбаевтың айтуынша, 2025 жылдың бірінші тоқсанында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС вагон шаруашылығы департаменті басшылығының телефонограммасы негізінде, көпфункционалды техникалық құралдар кешенінің көрсеткіштері бойынша пойыздардың кешігуі мен тоқтатылуының 27 жағдайы тіркелген.
Яғни, теміржол вагон шаруашылықтарында астыңғы вагон жабдықтарының салбырап, габариттің төменгі шегін соғуы жиілеген. Осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында айлық өткізіліп отыр.
Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартаки...
2026 жылғы 4 маусым Астана қ. ҚТЖ ТЭ33А тепловоздар паркінің 92%-дан астамын Trip Optimizer ж�...