ПРЕСС-РЕЛИЗ
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де Қазақстан Респу...
Достықтан Мойынтаға дейінгі теміржол учаскесінде екінші жол салу – Қытай бағытында қазақстандық экспорт пен транзит үшін қосымша мүмкіндіктер ашатын елдің маңызды инфрақұрылымдық жобаларының бірі. Бүгінгі таңда негізгі жұмыстар 90% орындалды.
Жасанды құрылыстарды жүргізу аяқталуда. Жоба бойынша 92 көпірден 90 көпірдің аралық құрылыстары орнатылды. Қазір 8 разъезд – Бескөл аралығындағы қалған екі көпірдің тіректерін орнату жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ, жоба аясында Сарықұм – Көкдомбақ, Көкдомбақ – Балқаш, Балқаш 1 – Балқаш 2, Балқаш 2 - Ортадересін, Ортадересін - Тоқырау, Тоқырау-Ақжайдақ, Ақжайдақ-Ащыозек және т. б. аралықтарында 28 автожол өткелдерінің құрылысы жүріп жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, Достық станциясынан Мойынты станциясына дейінгі екінші жолдардың жалпы ұзындығы – 836 шақырым. ҚТЖ олар бойынша қозғалысты ағымдағы жылдың маусым айында іске қосуды жоспарлап отыр, бұл бекітілген кестеден бұрын.
Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартаки...
2026 жылғы 4 маусым Астана қ. ҚТЖ ТЭ33А тепловоздар паркінің 92%-дан астамын Trip Optimizer ж�...