Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Қарағандыда темір жол көлігі саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша профилактикалық семинар өтті
306 / 15.04.2025 15:54

Қарағандыда темір жол көлігі саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша профилактикалық семинар өтті

Қарағанды қаласындағы Теміржолшылар мәдениет сарайында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС филиалы – Қарағанды бөлімшесінің Қарағанды теміржол торабындағы басшылық құрамы мен қызметкерлеріне арналған профилактикалық-түсіндіру семинары өтті.

Іс-шара «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа және өзге де құқықбұзушылықтарға қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналды.

Семинарға Қарағанды облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің, Көлік прокуратурасының, Экономикалық тергеу департаментінің, көліктегі полиция мен Көліктік бақылау инспекциясының өкілдері қатысты.

Қатысушыларға құттықтау сөзін НОДГП-4 басшысы Марат Омарұлы Ыбраев пен «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ Комплаенс қызметінің басшысы Жазира Масғұтқызы Рахимова жолдады.

Семинардың қорытынды бөлімінде «Сұрақ-жауап» сессиясы өтті, онда қатысушылар уәкілетті органдар өкілдерінен түсініктемелер алды.

Іс-шараның мақсаты – қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру, ашықтық қағидаттарын нығайту және темір жол тасымалы саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

Поделиться:
Популярные новости
7 / 05.06.2026

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартакиадаға дайындалуда

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартаки...

23 / 01.06.2026

Пресс-релиз

**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кеше�...

26 / 01.06.2026

Пресс-релиз

Балаларды қорғау халықаралық күні қарсаңында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Ақтөбе қа...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер