Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Бірінші тоқсандағы теміржол көлігімен астықты рекордтық тасымалдау
750 / 01.04.2025 00:00

Бірінші тоқсандағы теміржол көлігімен астықты рекордтық тасымалдау

ҚТЖ желісі бойынша соңғы бес жылда бірінші тоқсанда астық тасымалдаудың рекордтық көлеміне қол жеткізілді. Ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларында темір жол көлігімен 3,6 млн тонна астық тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 49% артық. Экспортқа 2,8 млн тонна жөнелтіліп, өсім 52% құрады. Республика бойынша 788 мың тонна астық тасымалданды, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 38% көп. 

Үш ай ішінде Иранға астық тасымалдау 11 есе, Балтық жағалауы елдеріне бес есе өсті. 

Қытай бағытында қосылған құны жоғары өңделген астық өнімдері, атап айтқанда құрама жем көлемінің тұрақты өсу серпіні байқалады. Олардың көлемі үш айда 500 мың тоннадан асып, өткен жылмен салыстырғанда 5,5 есеге артты.

Наурыз айында ҚТЖ желісі бойынша астықты тиеу көлемі де соңғы бес жылда жаңа рекорд орнатты және 1,2 млн тоннаны құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 63% артық. Астықтың ішкі тасымалы 43% өсіп, 290 мың тоннаға жетті, ал экспорттық жөнелтілім 70% артып, 914 мың тоннаны құрады.

Наурызда барлық негізгі бағыттар бойынша экспорттың өсуі тіркелді. Орталық Азия елдеріне 463 мың тонна астық жөнелтілді, бұл өткен жылғы деңгейден 48% артық.

Өзбекстанға астық тасымалдау 28%, Тәжікстанға — 80%, Түрікменстанға — 18%, Қырғызстанға алты есе өсті. Ауғанстанға жеткізілім 23% өсті. Ақтау және Құрық порттары арқылы Иран бағытында тасымалдау 18 есе, Қара теңіз порттары арқылы — 35%,
Балтық порттары арқылы — 26%, Балтық елдеріне 10 есе артты. 

ҚТЖ сенімді логистиканы және астық нарығына қатысушылармен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз етуді жалғастыруда. Көлік инфрақұрылымы, сондай-ақ вагон мен локомотив паркі мәлімделген тасымалдау көлемін орындауға толық дайын.

Поделиться:
Популярные новости
7 / 05.06.2026

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартакиадаға дайындалуда

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартаки...

23 / 01.06.2026

Пресс-релиз

**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кеше�...

27 / 01.06.2026

Пресс-релиз

Балаларды қорғау халықаралық күні қарсаңында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Ақтөбе қа...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер