Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Жаңа егіннің 7,4 млн тоннадан астам астығы теміржол көлігімен тасымалданды
428 / 05.03.2025 15:07

Жаңа егіннің 7,4 млн тоннадан астам астығы теміржол көлігімен тасымалданды

2025 жылғы ақпанда ҚТЖ желісінде 1,3 млн тоннадан астам астық тиелді, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңі көрсеткіштерінен 49% артық. Ішкі тасымалдар 282 мыңнан астам тоннаны құрап, 37% өскен. Астық экспорты 1 млн тоннадан асты, бұл өткен жылмен салыстырғанда 53% көп.

Астық экспорты айтарлықтай өсімді көрсетті: Тәжікстанға ол 39%, Түрікменстанға — 99%, Ауғанстанға — 26%, ал Қырғызстанға-4 есе өсті. Ақтау және Құрық порттары арқылы Иранға экспорт 6 есе артты.

Маркетингтік жылдың бірінші жартыжылдығында (2024 жылдың қыркүйегінен 2025 жылдың ақпанына дейін) ҚТЖ желісі бойынша жаңа егін астығын тиеу 47% өсіммен 7,4 млн тоннаны құрады. Республика бойынша астық тасымалы 30% артып, 1,6 млн тоннаға жетті. Экспортқа теміржол көлігімен 5,8 млн тоннадан астам астық жөнелтілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 53% артық.

Орталық Азия елдеріне астық экспорты 33% өсіп, 3,2 млн тоннаны құрады, ал Ауғанстанға 36% артып, 248 мың тоннаға жетті.

Поделиться:
Популярные новости
5 / 05.06.2026

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартакиадаға дайындалуда

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартаки...

23 / 01.06.2026

Пресс-релиз

**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кеше�...

25 / 01.06.2026

Пресс-релиз

Балаларды қорғау халықаралық күні қарсаңында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Ақтөбе қа...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер