Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нің «Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесі» филиалында 28 қаңтар мен 31 қаңтар аралығында қызметкерлер үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс мәселелері бойынша оқыту курстары мен түсіндіру іс-шаралары өткізілуде
758 / 29.01.2025 11:57

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нің «Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесі» филиалында 28 қаңтар мен 31 қаңтар аралығында қызметкерлер үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс мәселелері бойынша оқыту курстары мен түсіндіру іс-шаралары өткізілуде

Осы іс-шара аясында қызметкерлермен келесі мәселелер қарастырылып, талқыланды:

1. Комплаенс-бақылаушының қызметі туралы түсіндіру

Іс-шара барысында қызметкерлерге келесі мәселелер бойынша түсініктемелер берілді:
Серіктестіктің Комплаенс бақылаушысының негізгі міндеттері – заңнама талаптары мен нормаларының сақталуын қамтамасыз ету бойынша рөлі мен функциялары;
• Филиал қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жауапкершілігі және корпоративтік мінез-құлық стандарттарын сақтау міндеттері.

2. Корпоративтік құжаттардың ережелерін түсіндіру

Іс-шара барысында қызметкерлерге келесі ішкі нормативтік құжаттардың негізгі қағидалары мен талаптары түсіндірілді:
• “ҚТЖ” ҰК” АҚ және оның еншілес ұйымдарының Этика және мінез-құлық кодексі – қызметкерлерге арналған негізгі қағидалар мен мінез-құлық ережелері қарастырылды;
• “ҚТЖ-ЖТ” ЖШС-нің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясаты – сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған негізгі ережелер мен талаптар талқыланды;
• “ҚТЖ-ЖТ” ЖШС-нің лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің мүдделер қақтығысының алдын алу және реттеу саясаты – мүдделер қақтығысын анықтау және реттеу бойынша ережелер мен ұсыныстар берілді;
• “ҚТЖ-ЖТ” ЖШС-нің құпия хабарлау саясаты – анықталған заң бұзушылықтар туралы хабарлау тәртібі мен шарттары, сондай-ақ қызметкерлерге арналған құпиялық кепілдіктері түсіндірілді.

3. Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтары туралы ақпарат

Іс-шара барысында компания қызметкерлерінің 2023 және 2024 жылдары жасаған сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтары туралы ақпарат ұсынылды. Бұл құқықбұзушылықтардың мән-жайлары, олардың салдары және осындай жағдайлардың алдын алу үшін қабылданған шаралар егжей-тегжейлі қарастырылды.

4. Өтініштерді қарастыру бойынша оқыту курстары

Курстар барысында келесі мәселелер қарастырылды:
• Келіп түскен ақпаратты талдау және тексеру алгоритмдері;
• Өтініштерді құжаттау және оларға жауап беру бойынша негізгі талаптар;
• Өтініштермен жұмыс істеудің практикалық мысалдары.

Поделиться:
Популярные новости
20 / 01.06.2026

Пресс-релиз

**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кеше�...

22 / 01.06.2026

Пресс-релиз

Балаларды қорғау халықаралық күні қарсаңында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Ақтөбе қа...

2 / 30.05.2026

Көкшетау локомотив депосында жұмысшылардың еңбек және демалыс жағдайлары жақсарды

Көкшетау станциясында локомотивтерге техникалық қызмет көрсету цехын, әкімшілі...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер