Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
2025 жылдың 28 қаңтарында Тараз қаласында эксплуатациялық локомотив деполары басшыларына арналған оқу-тренингтің алғашқы күні өтті
454 / 28.01.2025 11:56

2025 жылдың 28 қаңтарында Тараз қаласында эксплуатациялық локомотив деполары басшыларына арналған оқу-тренингтің алғашқы күні өтті

Оқытудың мақсаты – кәсіби біліктілікті арттыру, өндірістік процестерді басқару, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ұжымдағы өзара іс-қимылды жақсарту болды.

Тренингке Қазақстанның барлық өңірлерінен локомотив деполарының басшылары қатысты. Оқыту «Тиімді коммуникациялар» және «Стресс тұрақтылығы» тақырыптары бойынша өтті, оны «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның HR-бизнес серіктесі, ішкі тренер Саулебаева Альма Тұрарқызы жүргізді. Бағдарлама лекциялар, практикалық сабақтар, тренингтер және тәжірибе алмасуды қамтыды.

Іс-шараның соңғы кезеңі Ұжымдық шарттың ережелерін түсіндіруге арналды. Қызметкерлердің құқықтары, әлеуметтік кепілдіктерді кеңейту, еңбек дауларын шешу тетіктері және ағымдағы жылда еңбекақы төлеу мәселелері талқыланды.

Поделиться:
Популярные новости
20 / 01.06.2026

Пресс-релиз

**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кеше�...

22 / 01.06.2026

Пресс-релиз

Балаларды қорғау халықаралық күні қарсаңында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Ақтөбе қа...

1 / 30.05.2026

Көкшетау локомотив депосында жұмысшылардың еңбек және демалыс жағдайлары жақсарды

Көкшетау станциясында локомотивтерге техникалық қызмет көрсету цехын, әкімшілі...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер