Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартакиадаға дайындалуда
Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" ко�...
2025 жылғы 18-19 қаңтар күндері Қазақстанда көлік-логистика және инфрақұрылымдық компаниялар арасында футзалдан III “Kazlogistics Cup” турнирі өтті. Аталған шара еліміздің темір жолының 120 жылдығына орай ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілді. Турнирге елдің түкпір-түкпірінен келген 25 команда қатысып, спорттық шеберліктерін, командалық рухын және жеңіске деген ұмтылысын көрсетті.
Турнир барысында “ҚТЖ-Жүк тасымалы” ЖШС командасы ерекше көзге түсіп, барлық кезеңдерде жанкештілік пен шеберлікті паш етіп, лайықты түрде екінші орынды иеленді.
“Kazlogistics Cup” турнирі көлік-логистика саласының өкілдерін достық пен салауатты бәсекелестік рухында біріктірген нағыз спорт мерекесіне айналды.
Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартаки...