Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
ҚТЖ Үкіметтің астық экспорты жөніндегі тапсырмаларын орындауда
538 / 02.12.2024 11:31

ҚТЖ Үкіметтің астық экспорты жөніндегі тапсырмаларын орындауда

Қараша айында ҚТЖ желісі бойынша 1,4 млн тоннадан астам жаңа науқан  астығы  тиелді, бұл алғаш рет тіркелген осындай айлық астық тасымалдау көлемі болып отыр,  оның ішінде республикаға  — 350 мың тоннасы, ал экспортқа — 1 млн тоннадан астамы жөнелтілді.

Биылғы маркетингтік жыл ішінде (қыркүйектен қарашаға дейін) астық тасымалы 3,7 млн тоннаны құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 45%-ға артық. Жаңа егіннің астық экспорты 2,9 млн тоннаны құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 51%-ға артық болып отыр. Экспорттың негізгі бағыттары оң динамиканы көрсетуде: Орталық Азия елдеріне өсім 35%-ді құрап, Ауғанстанға тиелім 58%-ға ұлғайған. Иран бағытындағы тасымалдар өткен жылғы 14 мың тоннаға қарағанда 356 мың тоннаға дейін өскен. Қытайға қабылдаушы тараптың қуаттылығына сәйкес 445 мың тонна жөнелтілді.

ҚТЖ РФ бағытында, сондай-ақ екі айда 104 мың тонна жөнелтілген Әзірбайжан сияқты жаңа нарықтарға дәнді дақылдардың кедергісіз шығуын қамтамасыз етіп отыр.

Үкіметтің ел ішінде астықты көшіру есебінен элеваторларды босату жөніндегі алға қойып отырған міндеттері  толық көлемде орындалуда,  үш айда +29% өсіммен 793 мың тонна тасымалданды. Негізгі тұтынушылар – елдің оңтүстігіндегі ұн тартатын кәсіпорындар, одан кейін құс фабрикалары мен басқа да астық өңдеушілер болып отыр.

Жылжымалы құрам жеткілікті, тарту ресурстары жөнелтушілердің қажеттіліктерін қамтамасыз етіп отыр.  Астық штабтары мен топтары тәулік бойы жаңа дақылдың астық шығарылуын бақылауда.
Поделиться:
Популярные новости
17 / 01.06.2026

Пресс-релиз

**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кеше�...

18 / 01.06.2026

Пресс-релиз

Балаларды қорғау халықаралық күні қарсаңында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Ақтөбе қа...

67 / 19.05.2026

11 пайдалану локомотив депосы жаңа техника алды

2026 жылдың басынан бастап ҚТЖ локомотив паркі 72 Жаңа тарту техникасымен толықтыр�...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер