Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Қараша айында теміржол көлігімен астық тасымалы өсуде
342 / 13.11.2024 10:10

Қараша айында теміржол көлігімен астық тасымалы өсуде

2024 жылғы қарашаның 10 күнінде ҚТЖ желісі бойынша астық тасымалдау өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 53% -ке  ұлғайды және 280 мыңнан астам тоннаны құрады. Оның ішінде экспортқа 190 мың тонна жөнелтілді, бұл өткен жылғы деңгейден 77% -ке жоғары.

Орталық Азия елдеріне астық экспорты 47% –ке (119 мың тонна), Ауғанстанға 5 есеге өсті. Ақтау порты арқылы Иран бағытындағы тасымалдар 9 есе өсті. Ресей арқылы транзит 7 есе өсті.

Есепті кезеңде ел ішінде астық тасымалдау 19% -ке, 91 мың тоннаға дейін өсті.

Қарашаға компания 2 млн тоннадан астам көлемде астық тасымалдау жоспарын құрып отыр, оның ішінде экспорттаушылар үшін 1,6 млн тонна, оның ішінде Сарыағаш шекара өткелі бағытында – 1,4 млн тонна. Алайда, жүк жөнелтушілердің жоспарды 10 күнде орындауы тек 42% құрайды, экспорт 35% -ке, Сарыағаш арқылы 27% -ке орындалады.
Поделиться:
Популярные новости
29 / 27.12.2024

Желтоқсан айында биылғы астықтың кезекті миллионы жөнелтілді

27-12-2024 Маркетингтік 2024-2025 жылдары астық тасымалдау көлемінің тұрақты өсу үрдісі байқалады. Желтоқсанның 26 күнінде астық тиеу 1,1 млн т...

128 / 25.12.2024

Ақтөбе жүк тасымалдау бөлімшесі: тиеу көлемін арттыру, маршруттауды дамыту

Ағымдағы жылдың 11 айында Ақтөбе жүк тасымалдау бөлімшесі бойынша жүктерді тиеу жоспары 9,5% , ал түсіру 9,2% өсті. Тәулігіне орта есепп...

88 / 25.12.2024

Қарағанды жүк тасымалдау бөлімшесінде қара метал тиеу 39% өсті

2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қарағанды жүк тасымалдау бөлімшесінің желісі бойынша қара металдарды тиеу көлемі 2,9 млн тоннаны құрас...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер