Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Жыл басынан бері ҚТЖ 550 астам астық экспорттық маршрутын жөнелтті
87 / 26.09.2024 10:32

Жыл басынан бері ҚТЖ 550 астам астық экспорттық маршрутын жөнелтті

2024 жылдың басынан бастап 582 маршруттық астық пойызы құрылып, жөнелтілді. Оның ішінде 551 экспресс-пойыз ҚХР, Түрікменстан, Иран, Ресей, Өзбекстанға астық жүктерін жеткізді. Еліміз бойынша астық жүктерін маршруттық жөнелтілімдермен тасымалдау үшін 31 құрам ұйымдастырылды. Мұндай деректерді Бесінші AGRICOM  халықаралық конференциясы алаңында "ҚТЖ" ҰК" АҚ - "Интеграцияланған жоспарлау дирекциясы" филиалының директоры Вадим Копылов мәлімдеді.

Тікелей маршруттық пойыздармен тасымалдау жүктерді жеткізу мерзімін, вагондардың айналымын қысқартады және жылжымалы құрам тапшылығын болдырмайды.

Ағымдағы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша астықты темір жол көлігімен тасымалдау 5,4 млн тоннаны құрады, экспортқа 4,2 млн тонна, ҚР бойынша - 1,2 млн тонна жөнелтілді (2023 жылғы деңгейге+4%).
ҚТЖ желісі бойынша 2,3 млн тонна ұнтақ өнімдері тасымалданды, бұл өткен кезеңнің көрсеткішінен 17,4% артық. Экспортқа - 1,8 млн тонна (+20%), ҚР бойынша – 500 мың тонна (+9%).

2024 жылдың қыркүйегінде Ақтау порты арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдау үш есеге, 90 мың тоннаға дейін өсті. Қазан айында 212 мың тонна тасымалдау жоспарланған. ҚТЖ және "ҚазКорТрансСервис" АҚ үздіксіз тасымалдауды қамтамасыз ету үшін Ақбидай және Северный портының астық терминалдарында түсіру үшін вагондарды уақтылы беруді және бостарын    пойыздармен шығаруды ұйымдастырады.

Қазақстандық астық пен ұнтақ өнімдерін өткізудің негізгі нарықтары дәстүрлі түрде Орталық Азия, Ауғанстан, Иран және ҚХР елдері болып қала береді. Бұл ретте, соңғы үш жылда Қытайға астық жүктерінің экспорты 5,7 есе өсті.

«ҚТЖ Жүк тасымалы» ЖШС баспасөз қызметі
Поделиться:
Популярные новости
21 / 27.12.2024

Желтоқсан айында биылғы астықтың кезекті миллионы жөнелтілді

27-12-2024 Маркетингтік 2024-2025 жылдары астық тасымалдау көлемінің тұрақты өсу үрдісі байқалады. Желтоқсанның 26 күнінде астық тиеу 1,1 млн т...

121 / 25.12.2024

Ақтөбе жүк тасымалдау бөлімшесі: тиеу көлемін арттыру, маршруттауды дамыту

Ағымдағы жылдың 11 айында Ақтөбе жүк тасымалдау бөлімшесі бойынша жүктерді тиеу жоспары 9,5% , ал түсіру 9,2% өсті. Тәулігіне орта есепп...

84 / 25.12.2024

Қарағанды жүк тасымалдау бөлімшесінде қара метал тиеу 39% өсті

2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қарағанды жүк тасымалдау бөлімшесінің желісі бойынша қара металдарды тиеу көлемі 2,9 млн тоннаны құрас...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер