Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
ҚТЖ биылғы астықты және жылыту маусымына көмір тасымалдауға дайын
1188 / 27.08.2024 15:08

ҚТЖ биылғы астықты және жылыту маусымына көмір тасымалдауға дайын

ҚТЖ-да биылғы астық пен жылыту маусымына көмір тасымалдауға дайындық бойынша брифинг болып өтті.

Астық тасымалдау

2024 жылдың жеті айында ҚТЖ желісі бойынша 4,7 млн тонна астық тиелді. Қазақстан бойынша тасымалдау 3% өсіп, 1,1 млн тоннаны құрады. Ұнтақ өнімдерін тиеу көлемі 13,8% артып, 2 млн тоннаға дейін ұлғайды. Өсім ішкі нарыққа жеткізілімдерді 6,4% және экспортты 13,8% ұлғайту есебінен болды. Қазақстандық астық пен ұн экспортының дәстүрлі бағыттары: ҚХР, Орталық Азия елдері, Иран, Ауғанстан, Түркия.

Астық жүктерін тасымалдауды қамтамасыз ету үшін ҚТЖ-да жылжымалы құрамның жеткілікті саны бар. «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС инвентарлық паркінде 1,6 мыңнан астам локомотив. 2023 жылы 112 локомотив сатып алынды. 2024 жылы 185 бірлік локомотив сатып алу жоспарланған, соның ішінде 119 бірлігі жеткізілді. 2029 жылға дейін 374 заманауи локомотив жеткізіледі. Сонымен қатар, «CRRC Corporation Limited» қытайлық корпорациядан 100 маневрлік және 100 магистральдық локомотив сатып алынады.

Астық науқанына дайындық шеңберінде астық тасымалдау бойынша көшбасшы Қостанай және Ақмола жүк тасымалдау бөлімшелері маневрлік локомотивтермен толық қамтамасыз етілген.

Қазақстанда 16 мыңға жуық жабық вагон бар. Оның 32% астамы «Қазтеміртранс» АҚ-ға, қалғандары жеке қазақстандық және шетелдік операторларға тиесілі. Астық тасымалдаушылардың жалпы паркі 11,8 мыңнан асады. Оның 2%-і «Қазтеміртранс» АҚ, қалғаны жеке операторларға тиесілі. Осылайша, вагон паркі барлық келісілген тасымалдау жоспарларын орындау үшін жеткілікті.

Астықты үздіксіз тасымалдау үшін станция қызметкерлерінің штаты ұлғайтылды. Ақмола өңірінің Көкшетау, Бауман, Тальщик станцияларында қосымша жүктерді қабылдап тапсырушылар тартылды. Қостанай өңірінің Қостанай, Құсмұрын және Сарыкөл станцияларына жүктерді қабылдап тапсырушылар, пойыздарды құрастырушылар және тауар кассирлері жұмылдырылды. 

Көмір тасымалдау

ҚТЖ желісі бойынша 2024 жылдың 7 айында көмір тасымалдау көлемі 55,6 млн тоннаны құрады. Ел ішінде 38,4 млн тоннадан астам қатты отын тасымалданса, ал 17,2 млн тоннасы – экспортқа. Көмірді экспорттық тасымалдаудың негізгі бағыттары: Өзбекстан, Қырғызстан, Беларусь, Қытай, Ресей. ҚХР-ға көмір тасымалдау көлемінің 5 есе өсуі байқалады.

2024-2025 жж. жылыту маусымының тұрақты өтуі үшін ҚТЖ көмір тасымалдау бойынша жол картасын жүзеге асыруда. Құжатқа жедел штабтың, мониторингтік топтардың жұмысы жөніндегі іс-шаралар, сондай-ақ негізгі көмір тұйықтары бойынша шығу және мүдделі мемлекеттік органдар, көмір разрездері өкілдерінің қатысуымен кеңестер енгізілген.

ҚТЖ ЖЭО қоймаларындағы көмірді, қатты отын қорының қалдықтарын тасымалдауды қамтамасыз етуді мониторингілеу бойынша жүйелі жұмыс жүргізеді, сондай-ақ жүк жөнелтушілердің өтінімдерін қамтамасыз етуді және вагондар айналымының орындалуын бақылайды.

Поделиться:
Популярные новости
32 / 27.12.2024

Желтоқсан айында биылғы астықтың кезекті миллионы жөнелтілді

27-12-2024 Маркетингтік 2024-2025 жылдары астық тасымалдау көлемінің тұрақты өсу үрдісі байқалады. Желтоқсанның 26 күнінде астық тиеу 1,1 млн т...

137 / 25.12.2024

Ақтөбе жүк тасымалдау бөлімшесі: тиеу көлемін арттыру, маршруттауды дамыту

Ағымдағы жылдың 11 айында Ақтөбе жүк тасымалдау бөлімшесі бойынша жүктерді тиеу жоспары 9,5% , ал түсіру 9,2% өсті. Тәулігіне орта есепп...

92 / 25.12.2024

Қарағанды жүк тасымалдау бөлімшесінде қара метал тиеу 39% өсті

2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қарағанды жүк тасымалдау бөлімшесінің желісі бойынша қара металдарды тиеу көлемі 2,9 млн тоннаны құрас...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер