Шілде айындағы жұмыс қорытындысы
Компания бойынша ағымдағы жылдың шілдесіндегі жұмыс қорытындылары бойынша техникалық жоспарға қатысты барлық пайдалану көрсеткіштерін, яғни сапалық және сандық көрсеткіштерді орындау мүмкін болған.
Мысал үшін: пайдалану жүк айналымы 23 192 млн тонна-килметр нетто деңгейінде орындалған, бұл өткен жылдың жоспарлық тапсырмаларынан және деңгейінен 5,1%-ға артық, ал жүк тиеу – 21 953 мың тонна құрап, бір айға белгіленген жоспардан 5,5%-ға артық, және де, өткен жылдың сәйкес кезеңі деңгейінен 1,2% жоғары болған. Поездардың қозғалыс жылдамдықтарының: учаскелік және техникалық жылдамдықтарының ұлғайғаны байқалып отыр (жоспарға қатысты – 100,5%, 100,4%, 2023 жылдың шілдесіне қарағанда – 102,8%, 100,7% тиісінше), вагондардың бос тұрып қалуы азайған – 1-техникалық станцияда және 1-жүк операциясында (жоспарға қатысты – 109,6%, 106,7%, 2023 жылдың шілдесіне қарағанда – 151,3%, 109,7% тиісінше), жұмыс істеп тұрған вагонның орташа тәуліктік жүрісі мен жұмыс істеп тұрған вагонның айналымы өткен жылдың мәнінен 27%-дан астам жоғары болған, ал вагон өнімділігі 31,7%-ға артқан. Басқа пайдалану көрсеткіштерінің орындалуы бойынша да осындай оң динамиканы көріп отырмыз.