ПРЕСС-РЕЛИЗ
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де Қазақстан Респу...
Тәжікстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының тоғыз аймағындағы табиғи апаттан зардап шеккен халыққа 50 вагон гуманитарлық көмек жөнелтті. Жүктің жалпы салмағы 2518 тоннаны құрады.
Қажетті тауарлар жүктелген алғашқы вагондар Қазақстан аумағына 2024 жылдың 20 сәуірінде келді.
Жүк Қазақстанның келесі облыстары мен қалаларына жөнелтілді:
- Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы;
- Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы;
- Атырау облысы, Атырау қаласы;
- Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы;
- Ақмола облысы, Көкшетау қаласы;
- Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы;
- Абай облысы, Семей қаласы;
- Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы;
- Қостанай облысы, Қостанай қаласы.
Бұл көмек зардап шеккен отбасыларға қолдау көрсетуге және табиғи апат салдарынан туындаған қиын жағдайды жеңілдетуге бағытталған.
Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартаки...
2026 жылғы 4 маусым Астана қ. ҚТЖ ТЭ33А тепловоздар паркінің 92%-дан астамын Trip Optimizer ж�...