Пресс-релиз
**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еураз�...
Қытай және Орталық Азия елдері бағытында теміржол көлігімен экспорттық тасымалдаудың өсуі
2024 жылдың алғашқы үш айында көршілес Қытай бағытында теміржол көлігімен экспорттық тасымалдау көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 21,1%-ға өсті. Оның ішінде шекаралық өткелдерде: Достық (+12,3%) және Алтынкөл (+44,4%).
Жүктің келесі түрлерінің тасымалдау көлемінің ұлғаюы ерекше атап өтіледі:
- металл кендері – 5,8%-ға
- астық – 27,8%-ға
- қара металдар – 2,3 есе
- Мұнай өнімдері – 12 есе
- Химиялық жүк – 88,3%-ға
- түсті металдар – 59,5%-ға
Сарыағаш станциясы арқылы Орталық Азия елдері бағытында экспорттық жүк тасымалы құрылымында да айтарлықтай өсім байқалады:
- Құрылыс жүктері – 2,4 есеге өсті
- Химиялық заттар және сода – 9,0%-ға
- Балғын картоп – 2,6 есе
- Өсімдік майы – 49,9%-ға
- Балғын көкөністер – 32,7%-ға
- Асбест және слюда – 42,9%-ға
Жүк жөнелтушілердің жоспарларын қамтамасыз ету және елдің экспорттық әлеуетін кеңейту мақсатында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС инфрақұрылымдық әлеуетті арттыру және бәсекеге қабілеттілікті арттыру бойынша белсенді жұмыстарды жалғастыруда.
Сонымен қатар, 2024 жылы 120-дан астам локомотив жеткізу жоспарланған, бұл өз кезегінде теміржол тасымалының тиімділігі мен сенімділігін одан әрі арттырады.
2026 жылдың басынан бастап ҚТЖ локомотив паркі 72 Жаңа тарту техникасымен толықтыр�...