Қызылорда теміржолшылары жаңа жүктерді тасымалдауды игерді
Қызылорда жүк тасымалы бөлімшесінің Сексеуіл станциясынан биыл жаңа кен орнына...
ҚТЖ өкілдері «New Silk Way» VI Халықаралық көліктік-логистикалық бизнес-форумына қатысты. Іс-шара Астанада Қазақстанның көлік апталығы кезінде өтті.
Қазақстандық және шетелдік салалық министрліктердің, жетекші компаниялардың 1000 астам өкілдері, сарапшылар көлік-логистика саласында болып жатқан трансформациялар мен қалыптасқан трендтер мәселелерін талқылады.
Панельдік сессияларда қатысушылар Орта дәліздің болашағы, мультимодальды тасымалдау саласындағы инновациялар және жүктерді тасымалдау тиімділігін арттыру туралы талқылады.
Қазақстанның темір жолдары бойынша транзитке жоғары сұраныс байқалды. 2023 жылдың 8 айында транзиттік жүк айналымы 25,0%-ға өсіп, 35,8 млрд тонна-километр неттоға жетті. Контейнерлік транзит 26% артты. Транскаспий халықаралық бағдары бойынша өсіп келе жатқан тасымалдарға баса назар аударылды. 2023 жылдың басынан бастап маршрут бойынша тасымалдау көлемі 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 85% ұлғайып, 1,7 млн.тоннаны құрады.
Жүк ағынының ұлғаюын қамтамасыз ету үшін ҚТЖ Қазақстанның инфрақұрылымын кеңейту бойынша жұмыс жүргізуде. Бұл жаңа темір жолдарды салу және қолданыстағы темір жолдарды жаңғырту (Достық – Мойынты, Дарбаза – Мақтаарал, Алматының айналма жолы), Қытаймен үшінші шекаралық өткелді (Бақты – Аягөз) ашу, теңіз және құрғақ порттар терминалдарын салу және жаңғырту.
Үш жыл ішінде ҚТЖ шамамен 1300 км жол салуды жоспарлап отыр. Бұл елдің көлік әлеуетін едәуір арттыруға, экспорттық өнімді тасымалдау тиімділігін жақсартуға және ел бойынша пойыздар жылдамдығын көтеруге мүмкіндік береді.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі
Қызылорда жүк тасымалы бөлімшесінің Сексеуіл станциясынан биыл жаңа кен орнынан алынған темір кенінің жаңа түрін тасымалдау басталды. Соңғы екі ...
Бүгін "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС-де теміржол саласының Әйелдер кеңесінің бірінші отырысы өтті. Кеңес тәжірибе алмасу, қолдау және компания қызметкер...
Ағымдағы жылдың қаңтар-қараша айларында ҚТЖ желісіне 236 млн тоннадан астам жүк тиелді. Ел ішінде 154 миллион тоннадан астам жүк тасымалданды,...