Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да 40 мыңға жуық жас маман жұмыс істейді
549 / 11.08.2023 00:00

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да 40 мыңға жуық жас маман жұмыс істейді

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да 35 жасқа дейінгі 40 мыңға жуық қызметкер жұмыс істесе, бұл барлық теміржолшылар ұжымының үштен бірін құрайды.

Компаниядағы жастармен жұмыстың негізі «ҚТЖ» ҰК» АҚ жастар саясаты бағдарламасы болып табылады. Бағдарлама шеңберінде кәсіби дағдыларды жетілдіруге, корпоративтік рухты көтеруге, жастарды тарту жүйесін дамытуға, оны тиімді бейімдеу мен бекітуге, корпоративтік міндеттерді шешуге тартуға, халықаралық жастар ынтымақтастығын дамытуға, рухани-адамгершілік, патриоттық тәрбие беруге, сондай-ақ салауатты өмір салты мен спорт құндылықтарын ілгерілетуге бағытталған іс-шаралар өткізіледі.

Басшылықтың қолдауы арқасында теміржолшылар жоғары деңгейдегі жарыстарда марапаттар мен атақтарға қол жеткізеді. Қазақстан теміржолшылары Ташкентте (Өзбекстан) өткен Түркі мемлекеттерінің спартакиадасының жеңімпаздары атанды. «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның 13 қызметкері Астанада өткен Ironman Kazakhstan төртінші жарысына қатысып, үздік нәтижелер көрсетті. Теміржолшы-паралимпиадашы-Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесі өндірістік-техникалық бөлімінің инженері Дәурен Мадижан Пауэрлифтингтен ел чемпионатында екінші орынға ие болды. 29 жастағы Семей жолының монтері (ПЧ-39) Еркебұлан Ахмадиев Абай күні «Семей-Бөрілі»  бағыты бойынша 80 шақырымды 7 сағат 20 минут 21 секундта жүгіріп өтіп, лайықты үшінші орынды иеленді.

ҚТЖ жас қызметкерлері игі істерден тыс қалмайды. Олар сенбіліктерге, акцияларға қатысып, еріктілер ретінде ардагерлерге, өмірлік қиын жағдайға тап болған әріптестеріне көмек көрсетіп келеді. 

 

 «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі 

Поделиться:
Популярные новости
23 / 01.06.2026

Пресс-релиз

**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кеше�...

24 / 01.06.2026

Пресс-релиз

Балаларды қорғау халықаралық күні қарсаңында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Ақтөбе қа...

10 / 30.05.2026

Көкшетау локомотив депосында жұмысшылардың еңбек және демалыс жағдайлары жақсарды

Көкшетау станциясында локомотивтерге техникалық қызмет көрсету цехын, әкімшілі...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер