Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
504 / 06.08.2023 00:00

Магистральдық желіде жолды ауқымды жөндеу жалғасуда

 

Ағымдағы жылдың 7-13 тамыз аралығында теміржол инфрақұрылымын күрделі және ағымдағы жөндеу үшін ұзақтығы 3,8 мың сағаттан асатын 800-ден астам технологиялық "толаскез" өткізу жоспарланған. Бір "толаскездің" ұзақтығы жоспарланған жұмыс көлеміне байланысты бір сағаттан 12 сағатқа дейін.

Жолдарды күрделі және ағымдағы жөндеу Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Қостанай, Павлодар, Семей және Алматы өңірлерінде жүргізілуде.

2023 жылдың соңына дейін барлығы 1 126 км теміржол магистралін жөндеу жоспарлануда, оның 557 км - күрделі.

"Толаскезді" өткізу кезінде жекелеген учаскелерде пойыщдар қозғалысы жылдамдығын сағатына 25 км-ге дейін шектеу енгізіледі, соның салдарынан кешігуі мүмкін. 

Теміржол жолаушыларға, жүк жөнелтушілерге және жүк алушыларға қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.

 

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі

 

Поделиться:
Популярные новости
13 / 05.06.2026

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартакиадаға дайындалуда

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартаки...

25 / 01.06.2026

Пресс-релиз

**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кеше�...

29 / 01.06.2026

Пресс-релиз

Балаларды қорғау халықаралық күні қарсаңында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Ақтөбе қа...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер