Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
307 / 30.07.2023 00:00

Магистральдық желіде жолды ауқымды жөндеу жалғасуда

Ағымдағы жылдың 31 шілдесінен 6 тамызына дейінгі кезеңде темір жол инфрақұрылымын күрделі және ағымдағы жөндеу үшін ұзақтығы 3,6 мың сағаттан асатын 800-ден астам технологиялық «толаскез»  өткізу жоспарланған. Бір «толаскездің» ұзақтығы – жоспарланған жұмыс көлеміне байланысты бір сағаттан 12 сағатқа дейін.

Жолдарды күрделі және ағымдағы жөндеу Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Қостанай, Павлодар, Семей және Алматы өңірлерінде жүргізілуде.

   Бүгінгі таңда Мойынты – Қарағанды – Астана учаскесінде жолды сауықтыру жұмыстары аяқталды. Мұнда кешенді жөндеу 2,5 ай бойы жүргізілді. Жұмыстың ауқымды бөлігі орындалды. Атап айтқанда, 76 км жол бойында ластанған балласты терең тазарту жүргізілді. Сонымен қатар 78 мың ескі темірбетон шпалдары ауыстырылып, бағыттамалық бұрмалардың 22 жиынтығы төселіп, рельсті тізбектердің тұтастығы бойынша 457 орын қалпына келтірілді және т.б. орындалды. Арнайы машиналарды қолдана отырып, 116 км жолға түзету жұмыстары жүргізілді.

ҚТЖ бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша шамамен 600 км темір жол жөнделді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінің көлемінен 100 км артық. Магистральдық желіде белсенді жөндеу жұмыстары жалғасуда.

 «Толаскездерді» өткізу кезінде жекелеген учаскелерде пойыздардың қозғалыс жылдамдығын сағатына 25 км-ге дейін шектеу енгізіледі, соның салдарынан кешігуі орын алуы мүмкін.

Темір жолы жолаушыларға, жүк жөнелтушілерге және жүк алушыларға қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.

2023 жылдың соңына дейін барлығы 1 126 км теміржол магистралін жөндеу жоспарлануда, оның 557 км - күрделі.

  «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Поделиться:
Популярные новости
103 / 25.12.2024

Ақтөбе жүк тасымалдау бөлімшесі: тиеу көлемін арттыру, маршруттауды дамыту

Ағымдағы жылдың 11 айында Ақтөбе жүк тасымалдау бөлімшесі бойынша жүктерді тиеу жоспары 9,5% , ал түсіру 9,2% өсті. Тәулігіне орта есепп...

72 / 25.12.2024

Қарағанды жүк тасымалдау бөлімшесінде қара метал тиеу 39% өсті

2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қарағанды жүк тасымалдау бөлімшесінің желісі бойынша қара металдарды тиеу көлемі 2,9 млн тоннаны құрас...

146 / 20.12.2024

Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесінің жаңа экспорттық бағыттары

Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесінің желісі бойынша жүк айналымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2024 жылдың 11 айында 1,3%-ға ар...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер