Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
360 / 12.07.2023 10:44

ҚТЖ желісі бойынша жүк айналымы 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында 9% -ке өсті

2023 жылғы қаңтар-маусым айларының қорытындысы бойынша ҚТЖ желісінде 124 млн тоннадан астам жүк тасымалданды.  Республикаішілік тасымалдар шамамен 80 млн тоннаны құрады. Экспортқа 44,4 млн тонна жөнелтілді.  51,6 млн тонна тас көмір тасымалданды.

Астық тасымалдау көлемі 30%, яғни 5,8 млн тоннаға дейін артты. Астық экспорты 35% артып, 4,7 млн тоннаға жетті. Ұнтақ өнімдерін тасымалдау 12%дейін, яғни 1,5 млн тоннаға дейін өсті.

2023 жылдың бірінші жартыжылдығында мұнай жүктерін тасымалдау өткен жылдың ұқсас көрсеткішіне қарағанда 3%, яғни 9,3 млн тоннаға дейін, құрылыс жүктерін 9%, яғни 7,6 млн тоннаға дейін, химиялық тыңайтқыштарды 6%, яғни 2,2 млн тоннаға дейін ұлғайды.

Пайдалану жүк айналымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9%өсіп, 134,5 млрд т-км неттоны құрады.   

 

"Қазақстан темір жолы"ҰК"АҚ баспасөз қызметі

Поделиться:
Популярные новости
4 / 16.07.2025

Қытай арқылы теміржолмен Вьетнамға қазақстандық бидай жөнелтілді

15 мың тоннадан астам қазақстандық бидай Қытай аумағы арқылы теміржол көлігімен Вьетнамға экспортталды. Астық Достық және Алтынкөл шекара өткелд...

12 / 15.07.2025

Вагон шаруашылығы қызметкерлері күні Илецк станциясында аталып өтті

Илецк станциясындағы вагондарды техникалық қарап-тексеру пунктінің базасында теміржолшылар «Үздік вагон қараушы» байқауын өткізді, о...

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер