Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Теміржолшылар цифрлық білімдерін жетілдіруде
140 / 03.07.2023 15:00

Теміржолшылар цифрлық білімдерін жетілдіруде

Темір жолда пайдаланылатын автоматтандырылған жүйелерде жұмыс істеу дағдылары мен құралдары және функционалдық білімі деңгейін арттыру бойынша онлайн форматта семинар-тренингтер өткізілді.

ҚТЖ-да 90 астам автоматтандырылған басқару жүйелері (АБЖ) және ақпараттық жүйелер пайдаланылады, оның ішінде тасымалдау процесін ұйымдастыру үшін нақты уақыттағы «Тасымалдауды жедел басқарудың автоматтандырылған жүйесі» көпфункционалды жүйелері, Станциялар  АБЖ, «Шарттық және коммерциялық жұмыс» АБЖ, «Энергодиспетчерлік тартым» АБЖ, пойыздар қозғалысының кестесін жүргізу және талдау жүйесі (ГИД-Орал) және басқалары пайдаланылады.

Жүйелер тасымалдау процесі объектілерімен операциялардың технологиялық тізбектерін кешенді автоматтандыруды және жүкті тасымалдауды құжаттамалық ресімдеуді, вагондар, локомотивтер паркін сенімді басқаруды қамтамасыз етіп, жүк жөнелтушілермен, вагондардың иелерімен, жеке тасымалдаушылармен және т.б. процестерді автоматтандырады. Оларда 7 мыңнан астам теміржолшы, сондай-ақ сыртқы пайдаланушылар жұмыс істейді. Бұрын оқыту офлайн форматта жүргізілді. Ағымдағы жылы іс-шаралар алғаш рет Тeams және БКБ платформасында онлайн-форматта өтеді.

   Семинарларды ұйымдастырушы – «Транстелеком» АҚ және «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС қатысуымен Автоматтандыру және цифрландыру дирекциясының пайдалану, АТ және HR Сервис блоктарымен бірлесіп тасымалдау процесінің технологиялық жүйелері департаменті.

«Цифрлық технологиялардың дамуы білім алу процесін жеңілдетті және осындай тренингтер арқылы олардың ауқымдылығын арттырды. Мұндай тәсіл өз жемісін берді. Теміржолшылар ақпараттық жүйелерде сенімді жұмыс істейді, алған дағдылары мен құралдарын пайдаланады», - дейді Автоматтандыру және цифрландыру дирекциясы тасымалдау процесінің технологиялық жүйелері департаментінің директоры Ирина Савушкина.

Тренинг екі кезеңде өткізіледі. Бірінші кезеңде орталық аппарат мамандары теміржолдағы автоматтандырылған жүйелерді дамыту және цифрлық пилоттық жобалар бойынша баяндайды, сондай-ақ пайдаланушылардың сұрақтарына жауап береді. Дәстүр бойынша оқытудың екінші бөлігі ойын форматында өтеді. Үздік команда «Мені түсін», «Өз ойының», «Бесінші элемент», «Ребус», «Терминология» сияқты ойындардың қорытындысы бойынша, сондай-ақ блиц-сауалнама нәтижелері бойынша анықталады.

    Екі семинар-тренинг қорытындысы бойынша бірінші орынды «Восточный экспресс» Семей ЖТ бөлімшесі мен «Сарыарқа» Қарағанды ЖТ бөлімшесінің командалары иеленді. Теміржолшылар ақпараттық жүйелер, эрудиция және стандартты емес ойлау бойынша жақсы білімдерін көрсетті.

Жыл соңына дейін тағы екі оқыту семинары өткізіледі. Ауқымды оқыту республикалық семинармен аяқталады, оған жеңімпаз командалар қатысады.

Барлығы 150 теміржолшыны оқыту жоспарлануда.

 «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

 

Поделиться:
Популярные новости
145 / 16.04.2024

Екібастұз қ. ГРЭС-1 аумағындағы жазатайым оқиға бойынша ақпарат

2024 жылғы 4 сәуірде "Б. Нұржанова атындағы ГРЭС-1" ЖШС кәсіпорнының кірме жолдарында пойыз құрастырушысының өлімімен жазатайым оқиға болды. Бұл...

251 / 15.04.2024

Мұнай өнімдерін т / ж көлікпен тасымалдау-тұрақты бақылауда

2024 жылдың бірінші тоқсанында ҚТЖ желісі бойынша 4,7 млн тоннадан астам мұнай өнімдері тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 6...

97 / 12.04.2024

Қытай және Орталық Азия елдері бағытында теміржол көлігімен экспорттық тасымалдаудың өсуі

Қытай және Орталық Азия елдері бағытында теміржол көлігімен экспорттық тасымалдаудың өсуі 2024 жылдың алғашқы үш айында көршілес Қытай бағыт...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер