Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
528 / 13.06.2023 15:56

Ақмолалық теміржолшыларға ерікті қан тапсыруды дамытқаны үшін алғыс айтылды

14 маусым – Дүниежүзілік қан доноры күні – Ақмола жүк тасымалы бөлімшесінің басшылығы ерікті қан донорлығын дамытуға белсенді қатысқаны үшін Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы жанындағы Қан орталығының Алғыс хатына ие болды.

Алғыс хатта машинистер Манат Оразов, Әнуар Нұрбай, Руслан Әлжанов қан мен оның компоненттерін тұрақты өтеусіз тапсыратын донорлар екені атап өтілді.

«Біз сіздің қызметкерлеріңізге белсенді азаматтық ұстанымы, мейірімді жүрегі және адамдарға қол ұшын беру дайындығы үшін алғыс айтамыз», - делінген хатта.

Еліміздің түкпір-түкпіріндегі теміржолшылардың арасында қан доноры болуға дайын жанашыр және мейірімді жандар көп. Теміржолшылар салауатты және қауіпсіз өмір салтын насихаттайтын донорлық акцияларға және басқа да қоғамдық іс-шараларға тұрақты түрде қатысып келеді.


«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі
Поделиться:
Популярные новости
12 / 05.06.2026

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартакиадаға дайындалуда

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартаки...

25 / 01.06.2026

Пресс-релиз

**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кеше�...

29 / 01.06.2026

Пресс-релиз

Балаларды қорғау халықаралық күні қарсаңында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Ақтөбе қа...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер