Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
«Нөлдік жарақаттану» иегерлері марапатталды
149 / 05.06.2023 10:21

«Нөлдік жарақаттану» иегерлері марапатталды

2023 жылдың 2 маусым күні «ҚТЖ» ҰК» АҚ кәсіпорындарында он бес жылдан астам уақыт «нөлдік жарақаттану» қағидасын ұстанып, өндірістік жарақаттану оқиғаларына жол бермей, еңбек қауіпсіздігінің сақталуына атсалысқан озат қызметкерлерді марапаттау рәсімі өтті. 

Салтанатты шара Қауіпсіздік минутынан басталды. Бұдан кейін «ҚТЖ» ҰК»АҚ бас инженері – техникалық саясат департаментінің директоры Батыр Котырев сөз алып, қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету – Компания басымдық беріп отырған басты міндеттердің бірі екенін атап өтті. 

– Темір жолда өндірісте бірде-бір жазатайым оқиғаға жол бермей, көп жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан бірқатар құрылымдық бөлімшелер бар. Оларда жұмысшылардың еңбек құқықтары сақталған, қауіпсіз еңбек жағдайы қамтамасыз етіліп, жоғары еңбек өнімділігі байқалуда. Бұл кәсіпорындар өзгелер үшін үлгі-өнеге және оларға басқалары теңескісі келеді. Компанияның басты құндылығы адамдар және олардың өмірі мен денсаулығы, – деді Батыр Котырев өз сөзінде. 

Ресми бөлімнен кейін қуанышты сәт, марапаттау рәсімі басталды. Бұл күні 12 теміржолшының еңбегі еленді. «Адал еңбегі үшін» белгісіне 40 АЕК төлемақысы қоса берілетін марапат 15 жылдан жоғары уақыт   жарақаттану оқиғаларына жол бермеген теміржол мекемелері иелеріне берілді. Атап айтқанда, 30 жылдан бері бірде бір рет жазатайым оқиғасына жол бермеген Атырау магистральдық желі бөлімшесіне қарасты Ақжайық белгі беру және байланыс дистанциясының бастығы Айбек Жолдасовқа, Қызылорда магистральдық желі бөлімшесіне қарасты Қазалы электрмен жабдықтау дистанциясының (20 жылдан астам уақыт) бас инженері Асқар Тілеулинге, «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Батыс» АФ-ның Орал телімінің (25 жылдан астам уақыт) бастығы Думан Қарағойшинге берілді.

10 АЕК төлемақысымен бірге «Үздік маман» атағы Семей ЖТ бөлімшесінің ВЧДЭ Өскемен-1 (16 жыл) бас инженері Саят Байжұмановқа, Қызылорда НЖС – Қазалы белгі беру және байланыс дистанциясының (37 жылдан астам уақыт) еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі жетекші инженері Әлібек Өтениязовқа, «Вагонсервис» АҚ жолаушылар вагондарын жөндеу Ақмола филиалының Қарағанды телімінің (18 жылдан астам уақыт) ЕҚ және ҚТ жөніндегі жетекші инженері Сымбат Сүлейменоваға табыс етілді. 

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының Құрмет грамотасымен және 8 АЕК төлемақысымен бірге «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС – Илецк филиалының вагондарға техникалық қызмет көрсету пунктінің (35 жыл бойы жарақаттану оқиғасы болмаған)  бастығы Рашид Байниязов, «Теміржолсу – Қарағанды» ЖШС (20 жылдан астам уақыт) директоры Ержан Қошақаев, «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы –Ақмола магистральдық желі бөлімшесінің  Жаңа-Есіл белгі беру және байланыс дистанцисының (34 жыл) еңбек қорғау және қауіпсіздік жөніндегі жетекші инженері Светлана Кокухина марапатталды. 

Ал «ҚТЖ» ҰК АҚ Басқарма төрағасының атынан 6 АЕК төлемақысы бар  Алғыс хаттар Семей вагон пайдалану депосының (16 жыл жарақаттану оқиғасы болған жоқ) өнеркәсіптік қауіпсіздік және экология секторының меңгерушісі Ләззат Жүнісова; Екібастұз – Северный станциясының (41 жыл) бастығы Мұрат Саркеновке, «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Северный» АФ Павлодар учаскесі (25 жылдан астам уақыт) еңбек қорғау қызметінің жетекші инженері Ермек Жәнібековке берілді. 

Поделиться:
Популярные новости
116 / 16.04.2024

Екібастұз қ. ГРЭС-1 аумағындағы жазатайым оқиға бойынша ақпарат

2024 жылғы 4 сәуірде "Б. Нұржанова атындағы ГРЭС-1" ЖШС кәсіпорнының кірме жолдарында пойыз құрастырушысының өлімімен жазатайым оқиға болды. Бұл...

129 / 15.04.2024

Мұнай өнімдерін т / ж көлікпен тасымалдау-тұрақты бақылауда

2024 жылдың бірінші тоқсанында ҚТЖ желісі бойынша 4,7 млн тоннадан астам мұнай өнімдері тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 6...

22 / 12.04.2024

Қытай және Орталық Азия елдері бағытында теміржол көлігімен экспорттық тасымалдаудың өсуі

Қытай және Орталық Азия елдері бағытында теміржол көлігімен экспорттық тасымалдаудың өсуі 2024 жылдың алғашқы үш айында көршілес Қытай бағыт...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер