Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
90 / 05.06.2023 16:28

Теміржолда Экологтар күні атап өтілді.

"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС-нің барлық филиалдарынан жиналған инженер-экологтар жыл сайын 5 маусымда атап өтілетін Экологтар күніне арналған семинарға қатысты. Мамандар компаниядағы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесін талқылады. 
Бірнеше жылдан бері теміржолда экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған бастамалар жүзеге асырылып келеді. "Ағаш отырғыз"," Бірге-таза теміржол", "Кірпіні құтқар"," Батарейка өткізіп, табиғатты сақта" экологиялық акциялары мен "Қоршаған ортаны қорғау" эко сағаты өткізіледі. Қоқысты бөлек жинау жұмысы жүргізіледі. Өндірістік қалдықтар уақытында жойылады. Филиалдар аумақтары санитарлық-экологиялық талаптарға сәйкес келтіріледі. Экологтар тарапынан осының бәрі ұдайы бақылауда. 
"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС жұмысшылары үшін қоқыстарды бөлек жинау бойынша ережелер және "Өндіріс пен тұрмыста суды үнемдеудің 10 қарапайым ережесі" әзірленген. Қазан айында теміржолда Халықаралық қағазсыз күн өткізіледі. "Бәрі дамуда және біздің әрқайсымыз өндіріс пен тұрмыста қағаз қолданудан барынша бас тарту арқылы қоршаған ортаны сақтауға өз үлесімізді қоса аламыз. Бәлкім, күні бойы өз әрекетіңізді бақылай отыра сіз қағаз өнімін пайдалануды қысқартуға болатын көптеген қызмет түрлерін тауып қаларсыз. Міндетті түрде солай істеп көріңіз",-дейді" ҚТЖ-Жүк тасымалы"ЖШС өндірістік қауіпсіздік және экология департаментінің менеджері Светлана Сыздықова. Семинарда Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік экологиялық инспектор Әділет Қоянбаев ҚР Экологиялық кодексінің нормаларын түсіндірді. 
"ҚТЖ" ҰК"АҚ Техникалық саясат департаментінің бас менеджері Сағат Қабиев төмен көмірсутекті дамыту тұжырымдамасы және парникті газдар есебін жүргізу тәртібі туралы айтты. Семинар экологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша тәжірибе мен пікір алмасу алаңына айналды. 

"Қазақстан темір жолы" ҰК"АҚ баспасөз қызметі
Поделиться:
Популярные новости
9 / 01.10.2023

Тұрғындар үшін көмірді тасымалдау вагондармен толық көлемде қамтамасыз етілуде

       Коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы қажеттіліктер үшін көмір тасымалдау "ҚТ...

21 / 27.09.2023

Машинист-нұсқаушылар үш модульді біліктілікті арттыру бағдарламасын аяқтады

 "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС локомотив бригадаларының 53 машинист-нұсқаушысы "Кәсіби ш...

23 / 25.09.2023

ҚТЖ Достық-Мойынты учаскесін кеңейту үшін 108 мың тонна рельс сатып алады

Достық – Мойынты теміржол учаскесінде екінші жол салу үшін ҚТЖ 108 мың тонна рель...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер