Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Теміржолда балаларға арналған Ашық есік күні өтті
163 / 31.05.2023 18:11

Теміржолда балаларға арналған Ашық есік күні өтті

"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС -нің барлық бөлімшелерінде Ашық есік күні ұйымдастырылды. Іс-шара Балаларды қорғау күнін мерекелеуге орайластырылған. Өзге  уақытта қол жетімділігі қатаң шектелген өндірістік нысандарға барған қызметкерлердің балалары экскурсия барысында ата-аналарының жұмыс орнында болып, негізгі теміржол мамандықтарымен танысты.

Елордада локомотив және вагон депосы мен Астана станциясы қызметкерлерінің балалары ҚТЖ бас әкімшілік ғимаратында орналасқан  Пойыздар қозғалысын басқарудың өңірлік орталығында (Солтүстік ӨПБО ) болды. Мұнда елдің солтүстік аймағында пойыздардың қозғалысын басқаруға қажетті ақпараттың үлкен ағыны өңделеді. Экскурсия селекторлық студияда басталды, онда әдетте жедел жиналыстар мен диспетчерлік ауысымның ақпаратын қабылдау және беру өтеді.

Солтүстік ӨПБО-да балалар түрлі учаскелердегі диспетчерлердің жұмысын көріп,  пойыз машинисінің диспетчермен байланысы қалай жүзеге асырылатынын естіді. Олар пойыздардың бағыттары алақандағыдай көрініп тұрған диспетчердің монитор экранына таңданыспен қарады.

Экскурсияның келесі кезеңі - Қазақ темір жолының ғасырлық тарихынан сыр шертетін  сирек кездесетін заттар жинақталған теміржолшылардың орталық мұражайында болды.  Балалар мұражай экспонаттарына шынайы қызығушылық танытып, олардың фонында суретке түсті.

Экскурсияның соңғы нүктесі ҚТЖ ғимаратының 37 қабатында орналасқан қысқы баққа бару болды.

12 жасар Ернар Әйтенов – 6 сынып оқушысы - алғаш рет ҚТЖ ғимаратында болды. Оның басты арманы әке сияқты машинист болу.

"Әкемнің жұмысы өте маңызды және жауапты, ол күрделі техниканы басқарады. Бұл ең жақсы жұмыс. Экскурсия ұнады. Әсіресе диспетчерлік орталық пен мұражайда", - дейді ол.

Экскурсия барысында балаларға теміржолдағы тәртіп ережелері, сондай-ақ шалағайлық пен асығыстық соңы ауыр зардаптарға соқтыруы мүмкін  екені еске салынды.

 

 

"Қазақстан темір жолы "ҰК"АҚ баспасөз қызметі

 

Поделиться:
Популярные новости
23 / 19.03.2024

ҚТЖ локомотивтері дизельдік отын шығынын 3,3%-ға қысқартты

2023 жылы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС дизельдік отынның үлестік шығынын 2022 жылмен салыстырғанда 3,3%-ға азайтып, 1169 тонна дизельдік оты...

351 / 12.03.2024

ҚТЖ жүк тасымалдау тиімділігін арттыру бойынша Бағдарлама әзірледі

Алматыда жол басқармалары филиалдарының, өңірлік тасымалдауды басқару орталықтарының басшылары, Алматы торабындағы станциялар қызметкерлерінің, ...

53 / 07.03.2024

Құрметті ханымдар!

Сіздерді келе жатқан 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз! Біздің компаниямыздың  кәсіби біліктілігі мен жауапкершіл...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер