Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Алашаңқай және Достық шекаралық станцияларда ҚР мен ҚХР теміржолшылары делегацияларымен алмасу өтті
186 / 01.05.2023 14:51

Алашаңқай және Достық шекаралық станцияларда ҚР мен ҚХР теміржолшылары делегацияларымен алмасу өтті

Алашаңқай станциясына жұмыс сапары барысында Алматы ЖТ бөлімшесінің директоры Нұрым Жаниязов бастаған қазақстандық делегацияға жүк тиеу терминалдарының жұмысын көрсетіп, даму мүмкіндіктері, жоспарлары мен перспективалары туралы айтып берді.

Алашаңқай станциясы Қытай мен Қазақстан және Еуропа елдері арасындағы сауда байланыстарын дамытудың негізгі көліктік буыны. Станция арқылы Қытай, Қазақстан арқылы, одан әрі Каспий теңізі арқылы Әзербайжанға, Грузияға, Түркияға және Еуропа елдеріне өтетін Транскаспий халықаралық көлік бағдары және Қытайдан Қазақстан арқылы Еуропаға және кері қарай көлік дәлізі өтеді.

Алашаңқай арқылы өтетін бір тармақты темір жолы өткізу қабілетінің шегіне жетіп отыр. Осыған байланысты қытайлық тарап Цзинхэ – Алашаңқай учаскесіндегі екінші желінің құрылысын, станцияның инфрақұрылымын салу мен қайта жаңартуды жүргізуде.

 Қазақстандық делегация қайта тиеу терминалдарымен танысты. Олардың бірі – ұзындығы 820 метр болатын № 23 терминал. Бір уақытта ол 57 шартты вагонға, 300 контейнерге дейін сыяды.

Станцияның қытайлық өкілдерінің айтуынша, тар және кең табанды аралас жолдары бар № 21 және 22 ашық қайта тиеу алаңдарында терминалдарды қайта жаңарту және сыйымдылығы 500 контейнерге дейін жабық ангар салу жоспарланған.

Станцияда екі вагон аударғыш бар. Жүк таспалы конвейердің көмегімен бункерге түсіріледі. Терминалда сыйымдылығы 1850 текше метр болатын 8 бункер орналасқан. Тәулік сайын, негізінен, «түйіршіктер» 3 құрамға дейін жүктеледі.

 Жүктің әр түрі бойынша өзінің қайта тиеу терминалы бар. Мәселен, үймелі жүктерді (гематит, концентрат, түйіршіктер және кокс) түсіру №11 терминалда жүзеге асырылады. Жақын жерде түсті металдарды (мыс, ферроқорытпалар, алюминий) және өлшемді-бөлек жүктерді (жабдық, болат, прокат) түсіруге арналған терминалдар бар. «Опен Топ» контейнерлеріндегі және биг-бегтердегі жүктерді түсіруге арналған арнайы терминалдар жұмыс істейді. Терминалдарда жолдарды ұзарту бойынша жұмыстар жүргізілуде, бұл олардың сыйымдылығын 30-дан 54 вагонға дейін ұлғайтуға және Қазақстаннан экспорттық жүктерді тәулігіне 5 құрамға дейін қабылдауға мүмкіндік береді. Жұмыс 2023 жылдың жазында аяқталады.

 Бонд аймағында астық жүктерін түсіру терминалы орналасқан. Кірме жолдың сыйымдылығы 53 астық тасығышты құрайды. Қайта тиеу терминалына 7 астық тасымалдаушы сыяды. Бір вагон түсіру үшін 6-7 минут, ал бір құрамға 4-5 сағат уақыт қажет. Тәуліктік түсіру нормасы – 6 мың тонна.

Астық терминалында 5 бункері бар, әрқайсысының сыйымдылығы – 1200 тонна. Жүктерді сақтау қуаты 200 мың тоннадан асатын тағы 16 бункер салына бастады. 2023 жылдың жазында пайдалануға беру жоспарланған.

«Үрімші темір жолы» ЖШҚ басқарма төрағасы Гао Цзяньян басқарған ҚХР делегациясы Достық шекара өткелінің қуатымен танысты. Станцияда пойыздарды қабылдауға, жөнелтуге арналған он бір жолдан тұратын төрт қабылдау-жөнелту паркі, сұрыптау паркі, вагондарды ауыстыру пункті, тоғыз қайта тиеу орны, кірме жолдар, маневрлік тепловоздар және электр орталықтандырумен жабдықталған бағыттамалық бұрмалар бар.

Қытай делегациясына «Кедентрансервис» АҚ, «Достық Карго Сервис» ЖШС, «Евраранс Групп» ЖШС және «Евратранзит» ЖШС контейнерлік терминалдары көрсетілді. Сондай-ақ, желінің өткізу қабілеті 5 есеге артатын  екінші жолдар құрылысы жүргізіліп жатқан Достық – Мойынты учаскесінің Көктұма станциясына шолу экскурсиясы ұйымдастырылды. Жобаны іске асыру Қытай – Еуропа – Қытай бағыты бойынша негізгі көлік дәлізінің бәсекеге қабілеттілігін және Қазақстанның экспорттық әлеуетін арттырады.

   Кездесуде 2023 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалының көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 32% өсіп, 6,4 млн тоннадан асқандығы атап өтілді. ҚХР-ға Экспорт өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 56%, яғни 3,8 млн тоннаға дейін өсіп отыр. ҚХР-дан ҚР-ға экспорт 2,6 млн тонна, 7% өсіммен  қабылданды. Бірінші тоқсанда контейнерлерде жүктерді тасымалдау 2022 жылға қарағанда 18%, оның ішінде транзиттік контейнерлік тасымалдар 23% өсуіне қол жеткізілді.

Ағымдағы жылдың сәуір айында Қытай тарапының пойыздарды орташа тәуліктік қабылдауы Алашаңқай өткелі бойынша 14 пойызды, Қорғас станциясы бойынша 8 пойызды құрады. Келісілген жоспарды орындау үшін 26,1 млн тонна көлемінде бұл көрсеткішті Алашаңқай станциясы бойынша 16-18 пойызға, Қорғас станциясы бойынша 10 пойызға дейін арттыру жоспарлануда.

 «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Поделиться:
Популярные новости
22 / 19.03.2024

ҚТЖ локомотивтері дизельдік отын шығынын 3,3%-ға қысқартты

2023 жылы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС дизельдік отынның үлестік шығынын 2022 жылмен салыстырғанда 3,3%-ға азайтып, 1169 тонна дизельдік оты...

348 / 12.03.2024

ҚТЖ жүк тасымалдау тиімділігін арттыру бойынша Бағдарлама әзірледі

Алматыда жол басқармалары филиалдарының, өңірлік тасымалдауды басқару орталықтарының басшылары, Алматы торабындағы станциялар қызметкерлерінің, ...

51 / 07.03.2024

Құрметті ханымдар!

Сіздерді келе жатқан 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз! Біздің компаниямыздың  кәсіби біліктілігі мен жауапкершіл...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер