Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
724 / 30.04.2023 20:27

Теміржолшылар Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған балалар суреттері байқауын өткізді

Суреттер байқауына «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС – «Батыс» филиалы Қызылорда бөлімшесі қызметкерлерінің 5 жастан 11 жасқа дейінгі балалары қатысты. Конкурс тақырыптары: «Менің ата-анам еңбекті қорғауды сақтайды», «Есіңізде болсын, сізді үйде күтеді!", «Менің ата-анам қауіпсіз жұмыс істейді!». Байқаудың барлық қатысушылары дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Іс-шара Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналса, кәсіподақ комитеті еңбекті қорғау және экология секторымен бірлесіп ұйымдастырып отыр. Ол 28 сәуірде атап өтіледі. Оның мақсаты – еңбекті қорғау мәселелеріне назар аудару.

 Сонымен қатар, кіші бөлімше қызметкерлері арасында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау техникасын жақсы білуге, жұмыс орнындағы «нөлдік жарақатқа» арналған үздік бейнероликке конкурс өтті. Еңбекті қорғау жөніндегі инженерлер, Қазалы, Сексеуіл және Қызылорда вагон және локомотив депосы бөлімшесінің өндірістік қауіпсіздік және экология қызметтері мен секторларының қызметкерлері «Еңбекті қорғаудың бұзушылықтарын тап» еңбекті қорғау қағидаларын білуге арналған зияткерлік ойынға қатысты.

Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні аясында кәсіподақ комитеті регрессивтерге және жазатайым оқиға салдарынан қаза тапқан қызметкердің отбасына барып, оларға бағалы сыйлықтар табысталды.

 «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі 
Поделиться:
Популярные новости
5 / 05.06.2026

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартакиадаға дайындалуда

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартаки...

23 / 01.06.2026

Пресс-релиз

**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кеше�...

25 / 01.06.2026

Пресс-релиз

Балаларды қорғау халықаралық күні қарсаңында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Ақтөбе қа...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер