Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
549 / 26.04.2023 12:57

Қостанай станциясындағы тиеу көлемі 40% өсті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Бас директорының орынбасары Нұржан Келбұғанов Қостанай станциясында тасымалдауды ұйымдастыру мәселелері бойынша Астық өңдеушілер одағы, ҚР ұн тартушылар қауымдастығы және жүк жөнелтушілер өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізді. Бұл соңғы аптадағы тасымалдау процесіне қатысушылармен екінші кездесу. Бірінші кездесу қорытындысы бойынша жедел мәселелердің бірлескен шешімдері қалыптастырылды.

Нұржан Келбұғанов Қостанай станциясындағы тасымалдау жағдайы ерекше бақылауда екенін атап өтті. Станция штаттық режимде жұмыс істейді. Тиеу көлемі өткен жылмен салыстырғанда 40% өсті, ал жүк алушылар жүктерін түсіру 23% артты. Маневрлік локомотивтердің саны нормативтік есептеулерге сәйкес келеді.

  Станцияда бос вагондардың жинақталуы байқалуда. Бос вагондардың он тәуліктік қоры, бұл 350 жабық вагон, 9 станция жолын алады. Бұл ретте станция тәулігіне 90 жабық вагонға дейін тиеуге қабілетті. Қазіргі уақытта жағдай реттелуде.

Сонымен қатар, кірме жолдарда жүргізілетін операциялардың көлемі 63% өсті. Кейбір жеке кірме жолдар қараусыз қалған және күрделі жөндеуді қажет етеді. Егер ол орындалмаса, онда қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төндіреді.

Кеңеске қатысушылар сындарлы диалог орнатып, бірқатар мәселелер бойынша келісімге келе алғанын атап өтті.

Мұндай кездесулер тұрақты негізде өткізілетін болады.

 «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Поделиться:
Популярные новости
3 / 05.06.2026

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартакиадаға дайындалуда

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартаки...

23 / 01.06.2026

Пресс-релиз

**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кеше�...

25 / 01.06.2026

Пресс-релиз

Балаларды қорғау халықаралық күні қарсаңында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Ақтөбе қа...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер