Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
437 / 20.04.2023 17:27

«Солтүстік–Оңтүстік» дәлізі маршрутында Бірыңғай логистикалық оператор құрылады

«TransRussia 2023» көлік-логистикалық қызметтердің 27-ші халықаралық көрмесі аясында «KTZ Express» АҚ, «РЖД Логистика» АҚ және «Түрікменстанның көлік-логистикалық орталығы» ААҚ арасында тасымалдауды дамыту үшін бірлескен кәсіпорын (БК) құру туралы меморандумға қол қойылды. БК мақсаты «Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізінің шығыс бағытында Бірыңғай логистикалық оператор құру болады.

Меморандумға «KTZ Express» АҚ Бас директоры Қайрат Утяпов, «РЖД Логистика» АҚ Бас директоры Дмитрий Мурев және «Түрікменстанның көлік-логистикалық орталығы» ААҚ бас директоры Мердан Бяшимов қол қойды.

 Тараптар бәсекеге қабілетті тарифтік ставкаларды қалыптастыру және Ақсарай, Озинки, Болашақ, Инче-Бурун, Серахс шекаралық өткелдерінің қатысуымен Қазақстаннан, Ресейден, Түрікменстаннан Иранға, Үндістанға, Таяу Шығыс елдеріне және Азия-Тынық мұхиты өңіріне жүктерді «үзіліссіз» тасымалдау үшін өз құзыреттерін біріктіруге келісті.

Қазақстан үшін «Солтүстік-Оңтүстік» дәлізі Иран мен Үндістанмен көлік-экономикалық байланыстарды дамытудағы басты өсім нүктелерінің бірі болып табылады. Қазақстандық жүк жөнелтушілер атап өткендей, осы құрлық дәлізінің Қазақстан аумағы арқылы айқын артықшылығы жүктерді жеткізудің жоғары жылдамдығы және тасымалдауда барлық ауа-райының қолайлылығы болып табылады.

 «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Поделиться:
Популярные новости
7 / 05.06.2026

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартакиадаға дайындалуда

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартаки...

23 / 01.06.2026

Пресс-релиз

**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кеше�...

26 / 01.06.2026

Пресс-релиз

Балаларды қорғау халықаралық күні қарсаңында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Ақтөбе қа...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер