Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
400 / 16.04.2023 18:28

ҚТЖ ауа-райының қолайсыздығына қарамастан штаттық режимде жұмыс істеуде

ҚТЖ-ның барлық құрылымдық бөлімшелері қардың, боранның және қатты желдің орын алуы жағдайларында жүк пен жолаушыларды қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз етеді.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ қар құрсауында қалған адамдарды шығаруды ұйымдастырды. Ерейментау станциясынан әйелдер мен егде жастағылар да бар  40 астам адам астанаға пойызбен жеткізілді. Сондай-ақ, елордадан Семей, Шымкент, Түркістан және Петропавл бағытында жүретін пойыздарға қосымша вагондарды тіркеу бойынша жедел шаралар қабылданды.

Пойыздардың өтуін қамтамасыз ету үшін тәулік бойы темір жолдарды қардан тазарту жұмыстары жүргізілуде. Қармен күреске бағытталған инфрақұрылымның барлық ресурстары жұмылдырылды. Магистральдық желінің Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Қарағанды және Ақтөбе бөлімшелері аумақтарында темір жол төсемін қардан тазарту бойынша үздіксіз жұмыстар жүргізілуде. Өткен тәулікте арнайы қар тазалау техникасының көмегімен 430 шақырымнан астам теміржол төсемі тазартылды.

 «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Поделиться:
Популярные новости
7 / 05.06.2026

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартакиадаға дайындалуда

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартаки...

23 / 01.06.2026

Пресс-релиз

**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кеше�...

27 / 01.06.2026

Пресс-релиз

Балаларды қорғау халықаралық күні қарсаңында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Ақтөбе қа...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер