«Еңбектенеміз, жеңеміз, шабыттандырамыз!»
Бүгін "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС жедел штабының отырысы салтанатты сәтпен - құрмет...
2023 жылдың бірінші тоқсанында ҚТЖ желісі арқылы 61,5 млн тоннадан астам жүк тасымалданды. Қазақстан бойынша 39,3 млн тонна, ал экспортқа 22,2 млн тоннасы жөнелтілді. Тарифтік жүк айналымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7% өсті және 64,4 млрд тонна-км құрады. Транзиттік қатынаста ол 34,3% ұлғайды. Бұл логистиканың өзгеруіне және тасымалдау ауқымының артуына байланысты мүмкін болды.
Әлеуметтік маңызы бар жүктерді (көмір мен астықты) тасымалдау ҚТЖ-ның ерекше бақылауында қалады. 2023 жылдың қаңтар-наурыз айларында теміржолмен 28,5 млн тонна тас көмір тиелсе, қазақстандықтарға 20,3 млн тоннасы жеткізілді. Экспортқа 8,2 млн тонна қатты отын жөнелтілді.
Бірінші тоқсан қорытындысы бойынша 3 млн тоннаға жуық астық тиелсе, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 10,2% жоғары. Астық экспорты 7% өсіп, 2,3 млн тоннаны құрады. Ұнтақ өнімдерін тасымалдау 20,7%, яғни 879 мың тоннаға дейін ұлғайды. Экспорт 39,3%, яғни 665 мың тоннаға дейін өсті.
Бірінші тоқсанда химиялық тыңайтқыштарды тасымалдау 12,8% (1,1 млн тонна), мұнай жүктерін тасымалдау 5% (4,5 млн тонна), құрылыс жүктерін тасымалдау 15% (2,6 млн тонна) өсті.
Түсті кен мен күкіртті шикізат экспорты 7,7% (842 мың тонна), мұнай жүктері - 3% (1,2 млн тонна), химиялық тыңайтқыштар - 13,2% (290 мың тонна), құрылыс жүктерінің экспорты - 63% (67 мың тонна) ұлғайды.
ҚТЖ инфрақұрылым жүктемесінің ауырлығына қарамастан, қойылған басым міндеттерді орындады.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі
Бүгін "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС жедел штабының отырысы салтанатты сәтпен - құрмет грамоталарын тапсырумен аяқталды. "Бас директор В.Петров темір жо...
"ҚТЖ- Жүк тасымалы" ЖШС өзінің қызметкерлері үшін Октябрь кәсіби біліктілік оқу орталығының Санкт-Петербург-Витебск бөлімшесінде оқыту бағдарлам...
Жұмыс кестесіне сәйкес 2024 жылғы 29 қыркүйекте Мойынты станциясы мен бөлек пункттерді жаңғыртумен жұмыс істеп тұрған және жаңа магистральдың ір...