Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Жыл басынан бері ҚТЖ желісінде астық тиеу 16% өсті
169 / 06.03.2023 17:34

Жыл басынан бері ҚТЖ желісінде астық тиеу 16% өсті

2022 жылғы қазаннан 2023 жылғы ақпанға дейін ҚТЖ желісі бойынша шамамен 5,3 млн тонна астық тасымалданды. Биылғы жылдың алғашқы екі айында астық тасымалдау көлемі 2022 жылғы қаңтар-ақпан деңгейіне қарағанда 16% өсіп, шамамен 2 млн тоннаны құрады.

Жыл басынан тасымалдардың басым бөлігін, атап айтқанда 80% (1,6 млн) экспорттық жөнелтілімдер құрады. Бұл көрсеткіш 2022 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 13% артық. Ұнтақ өнімдерін (оның ішінде ұнды) тиеу 31% өсіп, 600 мың тоннаға жетті. Экспортқа 450 мың тоннадан астамы тиелсе, өсім 2022 жылғы деңгейге қарағанда 55% артқан.

Отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі экспорты ТМД елдеріне жасалып отыр. 2023 жылдың екі айында Өзбекстанға астық экспорты 11%, Тәжікстанға – 36%, Түрікменстанға – 40%, Қырғызстанға 18% ұлғайды. Экспорт географиясы ҚХР нарықтарына жеткізу есебінен кеңеюде. Жыл басынан бері Қытайға астық экспорты 4 есе өсті. Ұнтақ өнімдерін өткізудің негізгі нарықтары ТМД, Ауғанстан және ҚХР елдері болып қала береді. 2023 жылғы қаңтар-ақпанда экспорт Тәжікстанға – 33%, Ауғанстанға – 4% және ҚХР-ға 5 есе өсті.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі
Поделиться:
Популярные новости
38 / 17.05.2024

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

Адамдар біз үшін басты құндылық! Сондықтан еңбек қауіпсіздігі мәдениетін үздіксіз жетілдіру-басқарудың барлық деңгейлеріндегі әрбір басшының мін...

233 / 06.05.2024

Құрметті әріптестер!

Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен және Жеңіс күнімен құттықтаймыз! Әрбір ер адам өз Отанының, отбасының қорғаушысы. Осы күні нағыз ер азаматты...

197 / 22.04.2024

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге теміржол көлігімен 964 бірлік мамандырылған техника жеткізілді.

Қазақстан аймақтарына су тасқынына қарсы арнайы техниканы жедел жеткізуді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС ұйымдастырды. Бұл ауқымды іс-шара П...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер