Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Көкшетау локомотив депосында теміржолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды
338 / 03.03.2023 00:00

Көкшетау локомотив депосында теміржолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды

Іс-шараға локомотив бригадалары мен Көкшетау станциясы торабының қызметкерлері қатысып, желілік полиция басқармасының (ІІЖБ) қызметкерлері шақырылды.

Кеңесті аша отырып, Ақмола жүк тасымалдау бөлімшесінің бірінші орынбасары Саят Бекенов теміржолшылардың полицейлермен бірлесіп жүргізген жүйелі алдын алу жұмыстарына қарамастан, теміржолда бөгде адамдар мен малдарды басу фактілері тіркеліп жатқанын атап көрсетті.
  
Ақмола бөлімшесінде бөгде адамдар мен малдардың соқтығысуын болдырмау бойынша шұғыл тежеуді қолданудың барлық жағдайлары бойынша егжей-тегжейлі талдау жүргізілді. Жыл басынан бері темір  жолдарында адамдарды соғудың бір, мал басудың үш жағдайы  тіркелді. Локомотив бригадалары малмен соқтығысудың алдын алу үшін 16 рет шұғыл тежеу қолданды.

Адамдардың пойызбен соқтығысуын талдау көрсеткендей, олардың  басым көпшілігінде зардап шеккендердің қауіпсіздік ережелерін бұзуы себеп. Бөгде адамдар көбінесе құлаққаппен жүреді, көбінесе мас күйінде кенеттен жылжымалы құрамның жолына шығып кетеді. Машинистер соқтығысуды болдырмау үшін барлық қажетті шараларды қолданады, бірақ бұл жеткіліксіз болуы мүмкін. Пойыздың тежеу жолы бір шақырымға дейін.

Мал басудың әрбір жағдайы ауыр зардаптарға әкеледі. Бұл пойыздар  қауіпсіздігіне қауіп төндіріп қана қоймай, мал иесі мен теміржолға қаржылық зиян келтіреді: локомотивтердің зақымдануы, жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесінің бұзылуы.

Ақмола теміржолшылары жергілікті тұрғындармен темір жолда жүріс-тұрыс ережелері бойынша түсіндіру кездесулерін, оқу орындарында қауіпсіздік бойынша дәрістер өткізеді. ҚТЖ магистральдық желі бөлімшесінің өкілдерімен, ӘТЖК, ІІЖБ қызметкерлерімен бірлесіп рейдтер жүргізіп, жаяу жүргіншілерге станция жолдарында болу неліктен қауіпті екенін түсіндіреді.
  
Көкшетау станциясы Желілік полиция бөлімі бастығының орынбасары полиция майоры Марат Сәдуақасов өз сөзінде азаматтар теміржолдағы тәртіп ережелерін мүлтіксіз сақтауы тиіс екенін атап өтті.

Кеңеске қатысушылар теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін бұзушылар мен қараусыз жүрген мал иелеріне қатысты әкімшілік жауапкершілікті күшейту қажеттігі туралы айтты.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі
Поделиться:
Популярные новости
34 / 30.12.2024

Мойынты - Балқаш учаскесіндегі қозғалыс бойынша ақпарат

Достық - Мойынты теміржол учаскесінің инфрақұрылымында құрылыс-монтаж жұмыстары жалғасуда. 2025 жылғы қаңтар айының үшінші онкүндігінде Мойынты ...

115 / 27.12.2024

Желтоқсан айында биылғы астықтың кезекті миллионы жөнелтілді

27-12-2024 Маркетингтік 2024-2025 жылдары астық тасымалдау көлемінің тұрақты өсу үрдісі байқалады. Желтоқсанның 26 күнінде астық тиеу 1,1 млн т...

348 / 25.12.2024

Ақтөбе жүк тасымалдау бөлімшесі: тиеу көлемін арттыру, маршруттауды дамыту

Ағымдағы жылдың 11 айында Ақтөбе жүк тасымалдау бөлімшесі бойынша жүктерді тиеу жоспары 9,5% , ал түсіру 9,2% өсті. Тәулігіне орта есепп...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер