Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
318 / 24.02.2023 11:43

Солтүстік ПҚБО барлық теміржол тасымалының 46% басқаруды шоғырландырды

Өткен жылдың соңында «ҚТЖ» ҰК» АҚ бас ғимаратында Солтүстік өңірі бойынша Пойыздар қозғалысын басқарудың өңірлік орталығы (Северный ПҚБО) ашылды. Енді солтүстік өңірдің төрт бөлімшесі – Ақмола, Қарағанды, Қостанай және Павлодар тасымалдарын үйлестіру елордадан жүзеге асырылуда. Бұл жоба тасымалдау процесін ұйымдастыруды едәуір жетілдірді.

Күн сайын Астанадан Мойынтаға дейін 30 жұп жолаушылар пойызы, 40 жұп жүк құрамы өтеді. Жолаушылар пойыздарына әрқашан басымдық беріледі.

  Диспетчерлер нақты уақыт режимінде елдің негізгі бағыттарындағы теміржол жағдайын бақылап, тасымалдау процесін ұйымдастыру бойынша маңызды және жедел шешімдер қабылдайды.

Еліміздің негізгі аграрлық өңірлерінде орналасқан Ақмола және Қостанай бөлімшелері ең жоғары маусымда ай сайын бір миллионға дейін астық жүктерін тасымалдайды. Павлодар және Қарағанды бөлімшелері көмір тасымалдарымен танымал, бұл өңірлерге елдің барлық қатты отын тасымалдарының 90% тиесілі. Үш бөлімшеге – Павлодар, Қарағанды және Қостанай – темір жолдағы жалпы тиелімде кен тасымалдаудың 80% келеді. Павлодар бөлімшесінен тасымалдардың 80% жөнелту станцияларынан басқа станцияларда таратусыз және сұрыптаусыз межелі пунктке дейінгі маршруттармен жөнелтіледі, бұл жүкті жеткізуді едәуір жеделдетеді. Ақмола бөлімшесінің диспетчерлері әртүрлі жүктерді үйлестіреді, жүк жөнелтушілердің вагондарын қысқа мерзімде бірыңғай құрамға жинайды және мақсаты бойынша жөнелтеді.

 «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Поделиться:
Популярные новости
185 / 30.12.2024

Мойынты - Балқаш учаскесіндегі қозғалыс бойынша ақпарат

Достық - Мойынты теміржол учаскесінің инфрақұрылымында құрылыс-монтаж жұмыстары жалғасуда. 2025 жылғы қаңтар айының үшінші онкүндігінде Мойынты ...

258 / 27.12.2024

Желтоқсан айында биылғы астықтың кезекті миллионы жөнелтілді

27-12-2024 Маркетингтік 2024-2025 жылдары астық тасымалдау көлемінің тұрақты өсу үрдісі байқалады. Желтоқсанның 26 күнінде астық тиеу 1,1 млн т...

631 / 25.12.2024

Ақтөбе жүк тасымалдау бөлімшесі: тиеу көлемін арттыру, маршруттауды дамыту

Ағымдағы жылдың 11 айында Ақтөбе жүк тасымалдау бөлімшесі бойынша жүктерді тиеу жоспары 9,5% , ал түсіру 9,2% өсті. Тәулігіне орта есепп...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер