Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
949 / 31.08.2021 00:00

ҚТЖ ерте бастан қысқа көмір қорын жинап алуды ұсынады

Үшінші жыл қатарынан «ҚТЖ» ҰК» АҚ тұтынушыларды көктемнен бастап қатты отын сатып алуға шақырып келеді. Бұл күзде вагон тапшылығына байланысты күтпеген жағдайларды болдырмауға мүмкіндік береді.

- Өткен жылыту маусымы барлық мүдделі мемлекеттік органдардың, әкімдіктердің, жүк жөнелтушілер мен жүк алушылардың үйлестірілген жұмысының арқасында шағымсыз өтті. Тұтынушылар тарапынан көмір жеткізу бойынша олқылықтар мен шағымдар болған жоқ. Биылғы жылы тасымалдау процесіне қатысушылардың бірлескен күшімен жеткізудің үздіксіздігі мен ырғағын қамтамасыз етуге болады, - деп есептейді «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС атқарушы директоры Нұржан Келбұғанов.

Оның мәліметіне қарағанда, ҚТЖ-да жылжымалы құрамның саны жеткілікті, атап айтқанда 21 мың ашық вагон болса, соның 17 мыңы көмір тасымалына тартылған. Қазіргі уақытта Қазақстанның барлық меншік иелерінің ортақ паркінде 60 мыңға жуық ашық вагон бар, олардың іс жүзінде әрбір екіншісі көмір тасымалдауға жегілген. Жүк жөнелтушілер тарапынан вагондар айналымының мерзімдері сақталған кезде осы парк қатты отынды тасымалдаудың мәлімделген көлемдері қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жеткілікті.

«Жүк жөнелтушілердің жүктерге арналған құжаттарды уақтылы ресімдемеуіне байланысты тиеуді немесе түсіруді күтіп, станциялық және кірме жолдарда вагондардың ұзақ тұрып қалуына жол бермеу маңызды»,-дейді ол.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да көмір тасымалдау бойынша барлық мәселелер жұмыс тәртібінде жедел шешіледі. Басшылық мемлекеттік органдар өкілдерін шақыра отырып, көмір жүгін жөнелтушілермен және жүк алушылармен тұрақты негізде кеңестер өткізеді. Темір жолда жүк жөнелтушілер өтінімдерін қамтамасыз ету бойынша тәуліктік бақылау жүргізетін көмірді тасымалдау жөніндегі штаб жұмыс істейді.

2021 жылдың 7 айында ҚТЖ магистральдық желісі бойынша 59 млн.тонна көмір тиелсе, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 4,4% - ға жоғары. Қазақстандықтар үшін 41 млн тонна қатты отын жеткізілсе, өткен жылға қарағанда өсім 3,3% - ды құрады.

  

«Қазақстан темір жолы» ҰК»АҚ баспасөз қызметі
Поделиться:
Популярные новости
31 / 27.08.2024

ҚТЖ биылғы астықты және жылыту маусымына көмір тасымалдауға дайын

ҚТЖ-да биылғы астық пен жылыту маусымына көмір тасымалдауға дайындық бойынша брифинг болып өтті. Астық тасымалдау 2024 жылдың жеті айында ...

482 / 07.08.2024

Шілде айындағы жұмыс қорытындысы

Компания бойынша ағымдағы жылдың шілдесіндегі жұмыс қорытындылары бойынша техникалық жоспарға қатысты барлық пайдалану көрсеткіштерін, яғни сапа...

1267 / 31.07.2024

KTZ Express «Бірыңғай цифрлық терезе» жүйесін енгізу бойынша онлайн сауалнамаға қатысуға шақырады

Барлық клиенттерден БЦТ жүйесін енгізуге қатысты анонимді сауалнамаға қатысуын сұраймыз. Сауалнама БЦТ порталына қатысты қызмет клиенттерінің пі...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер