Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
«Нөлдік жарақат» үшін марапатталды
880 / 29.04.2021 00:00

«Нөлдік жарақат» үшін марапатталды

Қалыптасқан дәстүр бойынша жыл сайын темір жолда еңбекті қорғау жөніндегі жекелеген басшылар мен инспекторлар еңбегі атап өтіледі, соның арқасында темір жол көлігінде «нөлдік жарақаттанудың» алтын қағидалары енгізіледі.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы сенім сертификаттарын «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына табыс етті. Тапсыру барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып өтті.

«Темір жолда бірқатар құрылымдық бөлімшелер 7, 10 және 15 жыл бойы өндірісте бір жазатайым оқиғасыз жұмыс істейді. Бұнда қызметкерлердің еңбек құқықтары сақталады, қауіпсіз жұмыс жағдайлары қамтамасыз етіледі және жоғары еңбек өнімділігі байқалады. Осындай нәтижеге қол жеткізу және қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтау үшін теміржолшылар алдын алу шараларын қолданады. Шараның басты мақсаты – әрбір теміржолшы жұмысқа байқампаз, ынталы, қызығушылық танытқан және оқытылған болып келуі тиіс», - деді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС өндірістік қауіпсіздік және экология департаментінің директоры Берік Истлеев.

Сексеуіл локомотив пайдалану депосы, Өскемен вагон пайдалану депосы және Матай станциясы 1-ші класты сенім сертификатымен марапатталды. 1-ші класты сенім сертификаттары, 15 жылдан астам уақыт бойы өндірістік жарақатсыз жұмыс істеген желілік бөлімшелерге беріледі.

Семей станциясы, Илецк локомотив пайдалану депосы және Илецк вагон шаруашылығы бойынша желілік пайдалану бөлімшесі 2-ші класты сенім сертификаттарына ие болды. Олар 10 жылдан астам уақыт өндірістік жарақатсыз жұмыс істеді.

Қандыағаш локомотив пайдалану депосы, Маңғыстау вагон пайдалану депосы және Сексеуіл станциясы 3-ші класты сенім сертификатын алды, оларда жеті жыл ішінде бірде-бір жазатайым оқиға тіркелмеген.

Бұл құжат желілік бөлімшелерді еңбек заңнамасының талаптарын сақтау бойынша жоспарлы тексерулерден босатады.

- Біз 1-ші класты сенім сертификатын алғанымызға қуаныштымыз. Бұл біз «нөлдік жарақаттану» жолында тұрмыз дегенді білдіреді. Компания басшылығына өз қызметкерлеріне деген осындай қамқорлығы үшін алғысымызды білдіреміз және одан да үйлесімді жұмыс істеуге тырысамыз, тек қырағылық жарақаттың алдын алады, - деді Сексеуіл локомотив пайдалану депосы бастығының өндіріс жөніндегі орынбасары Еркебұлан Аяғанов.

Қандыағаш локомотив пайдалану депосының бас инженері Берік Әлидің айтуынша, еңбекті қорғау ережелерін бұлжытпай орындау – «нөлдік жарақаттанушылыққа» апаратын жол: «Біздің ұжым «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да әзірленген «Қауіпсіздіктің мінез-құлықтық диалогтары» мобильді қосымшасының белсенді пайдаланушысы болып табылады, осының арқасында жұмыс істеу әлдеқайда қауіпсіз бола түсті».

Осы жылдың бірінші тоқсанында өндірістік жарақатсыз Маңғыстау, Атырау, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Жамбыл, Шымкент және Семей жол бөлімшелері жұмыс істегені атап өтілді.

Поделиться:
Популярные новости
171 / 16.04.2024

Екібастұз қ. ГРЭС-1 аумағындағы жазатайым оқиға бойынша ақпарат

2024 жылғы 4 сәуірде "Б. Нұржанова атындағы ГРЭС-1" ЖШС кәсіпорнының кірме жолдарында пойыз құрастырушысының өлімімен жазатайым оқиға болды. Бұл...

306 / 15.04.2024

Мұнай өнімдерін т / ж көлікпен тасымалдау-тұрақты бақылауда

2024 жылдың бірінші тоқсанында ҚТЖ желісі бойынша 4,7 млн тоннадан астам мұнай өнімдері тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 6...

220 / 12.04.2024

Қытай және Орталық Азия елдері бағытында теміржол көлігімен экспорттық тасымалдаудың өсуі

Қытай және Орталық Азия елдері бағытында теміржол көлігімен экспорттық тасымалдаудың өсуі 2024 жылдың алғашқы үш айында көршілес Қытай бағыт...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер