Желтоқсан айында биылғы астықтың кезекті миллионы жөнелтілді
27-12-2024 Маркетингтік 2024-2025 жылдары астық тасымалдау көлемінің тұрақты ...
Жамбыл облысындағы Шоқпар станциясында жолаушылар пойыздарының қозғалысы қайта жанданды.
Естеріңізге сала кетейік, 30 маусым күні сағат 01.30-да Шоқпар станциясына 45 км/сағ жылдамдықпен келген №2950 жүк пойызының екі вагоны жолдан шығып кетіп (цистерна, платформа), цистернадағы бензиннен өрт шыққан. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Апаттың алдын ала шығу себебі "HOLDING" РТС ЖШС жекеменшік компаниясына тиесілі цистернаның доңғалақ жұбы осінің ортаңғы бөлігінің сынып кетуі.
Оқиға орнында қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. Теміржолшылар пойыздардың қозғалыс кестесін қалпына келтіру үшін барлық мүмкіндіктерді жасауда. Учаске бойынша барлығы 12 жолаушылар және 10 жүк пойыздарын өткізу ұйымдастырылды.
Кестеден кешіккен пойыздардың жолаушыларына қажетті көмек көрсетілді. Атап айтқанда, Еспе станциясында №44 пойыздың жолаушыларын, жүкті әйелдерді Шу қаласының аудандық ауруханасына тасымалдау ұйымдастырылды. Станцияларда жолаушыларды ауыз сумен және азық-түлікпен қамтамасыз етуге арналған орындар ашылды. Шу станциясы мен вокзалы басшылығы жолаушылар пойыздарының бригадаларымен бірлесіп билет құнын қайтару және келтірілген қолайсыздықтар үшін өтемақы төлеу секілді мәселелерді шешу бойынша жұмыстарды ұйымдастырды. Шу станциясының перронында пойыз жолаушыларына биотуалеттер орнатылды және кетуге ниет білдіргендер үшін автокөлікке (таксиге) отырғызу ұйымдастырылды.
27-12-2024 Маркетингтік 2024-2025 жылдары астық тасымалдау көлемінің тұрақты өсу үрдісі байқалады. Желтоқсанның 26 күнінде астық тиеу 1,1 млн т...
Ағымдағы жылдың 11 айында Ақтөбе жүк тасымалдау бөлімшесі бойынша жүктерді тиеу жоспары 9,5% , ал түсіру 9,2% өсті. Тәулігіне орта есепп...
2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қарағанды жүк тасымалдау бөлімшесінің желісі бойынша қара металдарды тиеу көлемі 2,9 млн тоннаны құрас...