Мойынты - Балқаш учаскесіндегі қозғалыс бойынша ақпарат
Достық - Мойынты теміржол учаскесінің инфрақұрылымында құрылыс-монтаж жұмыстар...
Коронавирус пандемиясына байланысты теміржолшылар қашықтықтан оқыту форматына көшті. Білімді табысты арттыру үшін гаджеттер мен Желіге қосылу қажет.
Ақмола ЖТ бөлімшесінде QR-кодтарын қолдану арқылы қызметкерлерді қашықтықтан оқыту жүйесі енгізілді. Өз білімін жетілдіру үшін теміржолшылар QR-кодты сканерлеу арқылы қажетті әдебиет пен нормативтік-техникалық құжаттамаға тәулік бойы қашықтан қол жеткізу мүмкіндігіне ие. Ұялы телефон камерасы кодты бірден танып және де ақпаратқа қол жеткізе алады.
Сондай-ақ танымал мессенджерлер арқылы қызметкерлер арасында өзекті және пайдалы ақпарат жинақталған ақпараттық ресурсқа сілтеме жасалады: нұсқаулықтар, ережелер, бұйрықтар, стандарттар және тағы басқалар. Электронды кітапханаға тәулік бойы шығу мүмкіндігі бар.
Ал желілік деңгейдегі жас басшылар мен инженерлік-техникалық қызметкерлер үшін техникалық сабақтар онлайн режимінде өткізіледі.
«Техникалық оқу қызметкерлердің кәсіби деңгейін қолдау мен жақсартудың ажырамас бөлігі болып табылады. Біз үшін карантиндік шаралар әрекет етіп отырған кезеңде де техникалық оқытуды өткізу сапасын назардан шығармау өте маңызды. Біздің қызметкерлеріміздің жоғары біліктілігі мен кәсіби құзыреттілігі – темір жол көлігінің қауіпсіз және сапалы жұмысының кепілі болмақ, ал оған техникалық сабақтарда еңбектің жаңа әдістері мен тәсілдерін үнемі оқыту және зерттеу арқылы қол жеткізе аламыз», – деп атап өтті Ақмола бөлімшесінің бас инженері Сайран Баржаксин.
Достық - Мойынты теміржол учаскесінің инфрақұрылымында құрылыс-монтаж жұмыстары жалғасуда. 2025 жылғы қаңтар айының үшінші онкүндігінде Мойынты ...
27-12-2024 Маркетингтік 2024-2025 жылдары астық тасымалдау көлемінің тұрақты өсу үрдісі байқалады. Желтоқсанның 26 күнінде астық тиеу 1,1 млн т...
Ағымдағы жылдың 11 айында Ақтөбе жүк тасымалдау бөлімшесі бойынша жүктерді тиеу жоспары 9,5% , ал түсіру 9,2% өсті. Тәулігіне орта есепп...