Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Теміржолшылар Халықаралық еңбекті қорғау күнің атап өтті
1283 / 29.04.2020 00:00

Теміржолшылар Халықаралық еңбекті қорғау күнің атап өтті

«Пандемияны тоқтату: Еңбекті қорғау өмірлерді сақтап қала алады». Осындай ұранмен «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ барлық филиалдарында Халықаралық еңбекті қорғау күні атап өтілді.

Ең басты мақсат – жұмыс орындарында COVID-19 пандемиясымен күресті ұйымдастыру. Бұндай жұмыс әрбір бөлімше басшылығымен және кәсіподақ комитетімен жүргізілуде.

Жол бөлімшелерінде офис қызметкерлері қашықтан жұмыс істеуде. Өндірісте тек пойыздар қозғалысымен тікелей байланысты мамандар қалды. Олар үшін арнайы нұсқаулықтар: коронавирус белгілерін өзіңнен немесе әріптесінен анықтаған жағдайда өзің қалай ұстауы керектігі өткізілуде.

Атырау локомотив пайдалану депосының теміржолшылары коронавирустың алдын алу туралы танымдық роликті іске қосты.

Пандемия кезіндегі жұмысшылар қауіпсіздігі – басты міндет. Жұмыстарына кірісерден бұрын машинистер, олардың көмекшілері, вагон қараушылар медициналық тексерістен өткізіледі. Әрбір ауысым алдында – байланыссыз термометрмен дене қызуы тексеріледі.

Семей ЖТ бөлімшесінде тұрақты түрде локомотив кабинасы тазартылады. Орындықтар, есік тұтқасы, басқару пульті зарарсыздандырылады. Шығыс Қазақстан ЖТ бөлімшесінде 7000 шаршы метрден астам аумақ, атап айтқанда Өскемен-1, Жаңа Өскемен, Өскемен, Коршуново станцияларының, сондай-ақ жол бөлімшелерінің, локомотив пен вагон пайдалану деполарының ғимараттары дезинфекцияланды.

Өңір теміржолшылары үшін 1500 көп рет қолданылатын маскалар, 15000 дана хлорлы таблетка, 400 жұп медициналық қолғап, 50 литр сұйық сабын, 30 литр антисептик және оларға дозаторлар сатып алынды, - деп атап көрсетті Шығыс Қазақстан кәсіподақ комитетінің төрағасы Берікжан Тлеужанов.

Бүкіләлемдік еңбекті қорғау күні — жыл сайын сәуірдің 28-де атап өтетін мереке. Бұл жұмыста ажал құшқан немесе жарақат алған жандарды еске алу күні. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ өндірістік жарақат көрсеткішінің төмендегенің атап кеткен жөн. Бұл үшін ауқымды алдын алу түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ саясатының басты принципі еңбек пен қызмет қауіпсіздігі, денсаулықты қорғау деп белгіленген.

Компанияда өткен жылы «ҚТЖ»ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Кристиан Кунмен іске қосылған «Қауіпсіздіктің мінез-құлықтық үнқатысуы», «Қауіпті тоқтат!», «Салдарсыз оқиға» бағдарламалары жүзеге асырылуда. Олардың басты міндеті өндірісте кез келген қайғылы жағдайдың алдын алу.

Нөлдік жарақат жағдайына қол жеткізу үшін кез келген қызметкер өз жұмыс орынында оның өмірі мен денсаулығына қауіп бар деп тапса, жұмысты тоқтатуына немесе қауіпсіз емес жұмысты атқарудан бас тартуына болады.

Поделиться:
Популярные новости
46 / 16.04.2024

Екібастұз қ. ГРЭС-1 аумағындағы жазатайым оқиға бойынша ақпарат

2024 жылғы 4 сәуірде "Б. Нұржанова атындағы ГРЭС-1" ЖШС кәсіпорнының кірме жолдарында пойыз құрастырушысының өлімімен жазатайым оқиға болды. Бұл...

55 / 15.04.2024

Мұнай өнімдерін т / ж көлікпен тасымалдау-тұрақты бақылауда

2024 жылдың бірінші тоқсанында ҚТЖ желісі бойынша 4,7 млн тоннадан астам мұнай өнімдері тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 6...

112 / 09.04.2024

«Темір жол балалардың көзімен» балалар мен жасөспірімдер суреттерінің онлайн байқауын өткізу тәртібі

1. «Темір жол балалардың көзімен» балалар мен жасөспірімдер талантының онлайн байқауы (бұдан әрі – Байқау) Балаларды қорғау күніне орай ...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер