Мойынты - Балқаш учаскесіндегі қозғалыс бойынша ақпарат
Достық - Мойынты теміржол учаскесінің инфрақұрылымында құрылыс-монтаж жұмыстар...
Карантин режимінің енгізілуі мен азаматтардың оңтүстік астанаға кіруіне тыйым салынылуына байланысты Алматы станциясының басқа қаладан қатынап жұмыс жасайтын 50 қызметкері арнайы бөлінген вагондарда уақытша тұрып жатыр. Бұл жүкті қабылдап-жібергіштер, құрастырғыштар, сигнал берушілер және жүк тасымалы қызметімен байланысты басқа да мамандар.
- Станция үшін құнды осы қызметкерлердің жұмыс орнында қалуын өндіріс процесі талап етеді. Біздің қызметкерлеріміздің 80% қала маңында және облыс аумағында тұрады. Қызметкерлердің сапарларын және басқа адамдармен байланыста болуын болдырмау үшін біз оларға уақытша тұрақ пен ыстық тамақ ұсындық. Жұмысшылар қаладан тыс жерде тұратын отбасыларын асырып отырғандықтан, Алматыдан пәтер жалдауға қауқарлары жоқ. Біздің адамдар осы қиын кезеңге сенімді түрде төтеп беруі үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тырысамыз, - дейді Алматы-1 станциясының бастығы Нұржан Құрманәліұлы.
Станция бастығының өзі карантин кезеңінде қол астындағылардың жанында вагонда тұрып жатыр.
Вагондар қозғалысы жылдамдығын аға реттеуші Тұрсынқазы Тойбазаров теміржолда 17 жыл жұмыс істеп келеді. Ол отбасымен Талғар ауданы Абылай ауылында тұрады. Карантин енгізілгенге дейін ол Алматының шетіне дейін қоғамдық көлікпен, одан ары үйге дейін жаяу жететін. Мұның бәріне бір жарым сағат уақыт кететін.
- Қалада төтенше жағдай режимі әрекет етуде. Осыған байланысты қоғамдық көліктер жүрмейді, таксиге жол ақысы қымбаттады, сонымен қатар ешкімді облысқа қарай өткізбейді. Біз, қала маңындағы ауылдардың тұрғындары, қиын жағдайға тап болдық. Мұны естіген станция басшылығы оларға купелі вагондарда тұруды ұсынды, мұнда тыныш, таза, жылы, жаңа төсек пен үш мезгіл ыстық тамақ, бізге медициналық қорғаныс маскалары, қолға арналған дезинфекциялық құралдар берілді. Енді ауысым алдында демалуға көп уақыт бар. Әрине, үйімізді сағынамыз. Күн сайын әйеліммен телефонмен сөйлесемін. Жақында карантин жойылып, барлығымыз өз отбасыларымызға ораламыз деп сенемін, - дейді ол.
Қазіргі уақытта станцияда тек жүк жұмыстары жүргізілуде. Коронавирустың алдын алу бойынша барлық шаралар сақталған. Үй-жайларда арнайы жуғыш заттармен тұрақты дезинфекция жүргізіледі, маска режимі енгізілді, коронавирустық инфекцияның алдын-алу шаралары туралы жадынамалар орналастырылды, брифингтер ұйымдастырылды.
Достық - Мойынты теміржол учаскесінің инфрақұрылымында құрылыс-монтаж жұмыстары жалғасуда. 2025 жылғы қаңтар айының үшінші онкүндігінде Мойынты ...
27-12-2024 Маркетингтік 2024-2025 жылдары астық тасымалдау көлемінің тұрақты өсу үрдісі байқалады. Желтоқсанның 26 күнінде астық тиеу 1,1 млн т...
Ағымдағы жылдың 11 айында Ақтөбе жүк тасымалдау бөлімшесі бойынша жүктерді тиеу жоспары 9,5% , ал түсіру 9,2% өсті. Тәулігіне орта есепп...